Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көлікке қызыққан бес танысын тақырға отырғызды: ер адам 41 миллион теңге жымқырған

MALIMet •
Көлікке қызыққан бес танысын тақырға отырғызды: ер адам 41 миллион теңге жымқырған
Фото: Canva

Көкшетау қаласының тұрғыны таныстары мен туыстарына Астанадағы аукционнан тиімді бағамен автокөлік алып беруге уәде беріп, бес адамды алдаған. Келтірілген шығын көлемі 41 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті 2023 жылдан бері айналасындағы адамдарға шетелдік емес, Астанадағы аукционнан көлік сатып алып беруді ұсынып келген. Ол автокөліктерді нарықтағы бағадан тиімді алуға болатынын айтып, төлемді бөліп жасауға мүмкіндік бар екеніне сендірген.

Келісім бойынша, сатып алушылар алдымен көліктің бастапқы жарнасын төлеп, қалған соманы автокөлікті қолдарына алғаннан кейін беруге келіскен.

Алайда уәде етілген көліктер сатып алушыларға жеткізілмеген. Жәбірленушілер ақшаларын да қайтара алмаған. Тергеу барысында күдікті түрлі сылтау айтып, полицияға арыз түскеннен кейін бой тасалағаны анықталған.

Біраз уақыт іздеуде болған ер адам кейін ұсталып, қазір қамауға алынған. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу