Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бал айына енесі де еріп барған: келін бір айдан соң некесін бұзуды сұраған

Оқиға •
Бал айына енесі де еріп барған: келін бір айдан соң некесін бұзуды сұраған
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Күйеуімен бал айына аттанған әйел әуежайда олармен бірге сапарға шығуға дайын тұрған енесін көрген. Үшеуі бірге өткізген демалыстан кейін келін ата-анасының үйіне қайтып, некесін бұзу үшін сотқа жүгінген, деп Malim.kz тілшісі La Repubblica басылымына⁠ сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның 2011 жылғы қаңтарда жариялаған мәліметінше, 36 жастағы әйелдің отбасылық өмірі тойдан кейінгі екінші күні-ақ қиындай бастаған. Жас жұбайлар бал айына бару үшін әуежайға келгенде, күйеуінің анасы да сол сапарға дайын тұрған.

Әйелі бұған наразылығын білдірген. Алайда күйеуі анасының денсаулығын алға тартып, оны жалғыз қалдыра алмайтынын айтқан.

Сөйтіп, екі адамға арналған сапарға үшеуі аттанған. Бал айынан кейін де жағдай өзгермеген: ерлі-зайыптылар Рождество мерекесін де енесімен бірге өткізген.

Ақырында келін бөлек кетуді ұйғарып, өз ата-анасының үйіне оралған. Тұрмыс құрғанына бір айдан сәл асқанда, заңгерлердің көмегімен сотқа өтініш берген.

Өтініште күйеуінің анасына шектен тыс тәуелді болуы ерлі-зайыпты ретінде қалыпты қарым-қатынас құруға кедергі келтіретіні көрсетілген. Басылым соттың қандай шешім шығарғанын хабарламаған.

Бұл оқиға Италияда болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу