«Туған жерімізді таза ұстауымыз керек»: Президент сенбілікке қатысты

Сенбілік барысында жалпы саны жөке ағашының 430 түп көшеті отырғызылды.

Malim Админ

  • 27.04.2024

27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Malim.kz.

Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысты, - делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сенбілік барысында жалпы саны жөке ағашының 430 түп көшеті отырғызылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесу барысында қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті.

Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл - бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ, ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондай-ақ бұл жұмыс елорда және ірі қалаларда ғана емес, шағын қалаларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент заң мен тәртіп үстемдігі бәріне қатысты екенін айтып, вандализммен батыл түрде күресу қажет екеніне назар аударды

Біз өз елімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Мейлі ол көше, аула немесе үйлердің кіреберісі болсын, бәріне ұқыпты қарауымыз қажет. Вандалдармен табанды түрде күресу керек. Сондай-ақ олардың заң жүзінде қатаң жазаланатынын айттым. Әр нәрсенің шегі бар. Әйтпесе, бәрін бүлдіріп алып, кейіннен кешірім сұрайды. Елімізде тәртіп болуы керек. Заңды сақтау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұан кейін Мемлекет басшысы Ботаникалық бақты аралап, жалпықалалық сенбілікке қатысып жатқан тұрғындарға, елорданың коммуналдық шаруашылық мекемелерінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Сенбілік барысында Президентке Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспары таныстырылды.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 1,1 миллион жасыл желек, соның ішінде қала аумағында 35 мың, елорданың жасыл белдеуі аймағында 200 мың түп көшет отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар қаладағы 170 қоғамдық орынды, оның ішінде Есіл өзенінің бойын, Ақбұлақ жағалауын, сондай-ақ Триатлон паркі, Бейбітшілік және келісім сарайы, ЭКСПО маңын абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Астана әкімі былтыр елорданы көгалдандыру жарғысы қабылданғанын атап өтіп, аталған құжатқа сәйкес егілген жасыл желекті 3 жылға дейін күтіп-баптау міндеті жүктелетінін және үлкен ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызуға басымдық берілетінін жеткізді.

Бұдан бөлек, Президентке «Мыңжылдықтар аллеясын» дамыту жоспары және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Бүгін ауа райы қандай болады

08.05.2024

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

07.05.2024

Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2024

«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

06.05.2024

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

06.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

04.05.2024
MalimBlocks
Бүгін ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады, тұман болады деп күтіледі. 

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

Ол ел Конституциясына қолын қойып, халқына ант берді.

Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Тоқаевтың айтуынша, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.

«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

Президент ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі үш миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді.

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын. 

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Сотта жәбірленушілердің қорғаушылары сөйлеп жатыр.