«Жұмысым солай»: СҚО-да қайтыс болған құтқарушының жесірі пікір білдірді

Зейнетке шыққанға дейін күн санап жүрген.

Malim Админ

  • 05.04.2024

СҚО-дағы су тасқынымен күрес жұмыстарына барған түркістандық құтқарушының денесі жер қойнына тапсырылды. Қарасу ауылының тұрғыны 2 сәуірге қараған түні жүрек талмасынан қайтыс болған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оtyrar.kz мәліметінше, марқұм Бекжан Балдановтың артында жары мен бес баласы қалды.

Құтқарушының әйелі Индираның сөзіне қарағанда, күйеуі СҚО-ға 1 сәуірде барған. Шұғыл шақырту түскен соң ол заттарын тездетіп жинап, таңертең ерте жолға аттанып кеткен. Ал келесі күні оның жүрек талмасынан қайтыс болғаны туралы хабар жеткен.  

Ол заттарын алды да үйден жүгіріп шығып кетті. «Отырып бірер кесе шай ішіп алсаңшы» деп айттым. «Уақыт жоқ, Газель келе жатыр» деп қысқа қайырды. Ол талай рет судан да, өрттен де аман келген. Сондықтан мұндай жағдай болады деп үш ұйықтасақ та түсімізге кірмепті. Ешқашан денсаулығы сыр берген емес, жүрегіне де шағымы жоқ еді. Зейнетке шыққанға дейін күн санап жүрген. Кетіп бара жатқанда: «Оның саған не керегі бар?» - дедім. «Жұмысым солай» деді де, «Балалар саған аманат» деп қосты, - дейді Индира Наурызбаева. 

Жарынан көз жазып қалған Индираның айтуынша, өрт сөндіруші-құтқарушы болу күйеуінің бала күнгі арманы екен. Өз ісіне адал болған Бекжан талай рет марапатталған.

Бекжан Балданов жұбайы екеуі екі қыз бен үш ұл тәрбиелеп отырған. Үлкенінің жасы 17-де болса, кішісі небәрі төрт жаста. Үш ұлы да әкесінің жолын қумақ. Отағасы үйінің жалғыз асыраушысы еді.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысына көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Фото: Otyrar.kz

Байланысты жаналықтар

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма: Антикор жауап берді

15.05.2024

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

15.05.2024

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

15.05.2024
MalimBlocks
Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

Психологтарды әбден тыңдап алған.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма: Антикор жауап берді

Ол 30 сәуірде қызметінен босатылды.

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Тергеу жалғасып жатыр.