Солтүстік Қазақстан облысына көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына су тасқынымен күреске көмекке келген түркістандық құтқарушы кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.  

Malim Админ

  • 04.04.2024

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 сәуірге қараған түні 45 жастағы Бекжан Балданов Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың реанимация бөліміне түскен. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Өлімге жіті миокард инфарктісі себеп болған.

Ер адам Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып еңбек еткен. 

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келді. Сол күні кешке өзін нашар сезініп, кейін ауруханаға түскен. Петропавлдағы ауруханаға жатқызу үшін санавиациямен жеткізілмек болған. 

Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада. 

Марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді. 

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды