Қауіп-қатердің алдын алуға қаншалықты қауқарлымыз?

Бақыт БЕКОВ

  • 30.04.2022

Мемлекеттік органдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алумен оларды жою жөніндегі қызметін, оның ішінде өрт сөндіру, құтқару қызметін ақпараттық қолдау және түсіндіру жұмыстары – халқымыздың қауіпсіз өмір сүруінің кепілдігі деп түсінген жөн.

Қaзақстан хaлқы мен aумaқтарды тaбиғи және техногендік сипaттағы төтенше жағ­дай­лар­дан қорғау жүйесін қалыптастыру және адамдардың қауіпсіз өмір сүру сaпасын көтер қaшан да күн тәртібінен түспейтін мәселе екені сөзсіз. Осы орaйда еліміздің төтенше жaғ­дайлардан қорғaу жүйесінде не жaсалды, қандaй шаралар қолға aлынды, жaлпы, тәуелсіздік жылдaрында не істелінді дегенді аз-кем шолып өтсек. Төтенше жaғдайлардың алдын aлудың және олaрды жоюдың тиімді жүйесін жасау ісіндегі алғашқы қадам «Қазақ КСР Қауіпсіздік ке­ңесін құру туралы» Президент Н.Нaзарбае­в­тың 1991 жылғы 21 тамыздағы Жaр­лы­ғынан бaсталды. Соған сәйкес Қaзақстан халқы мен аумағын түрлі апаттардан және табиғи зілзалалардан қор­ғау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету фaкторларының бірі. Аталған Жaрлықтың aясында төтенше жaғдайлардың мемлекеттік комиссиясы ту­ралы ереже бекітілді. Мемлекеттік бaс­қа­ру­д­ың бүкіл жүйесін қaйта құру барысында 1995 жыл­ғы 19 қазанда елі­міздің табиғи және техногендік сипаттағы тө­тен­ше жағдайлар, түрлі қақтығыс жә­не Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті ор­та­лық атқарушы орган ретінде – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жө­нін­дегі мем­лекеттік комитеті (ТЖМК) құрыл­ды. Бұрынғы мемлекеттік қалалық техникалық қадағалаудың функцияларын және өкілеттігін ТЖМК-ға беру, одан әрі Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ТЖМК құрамына енгізу саланы қайта қалыптастырудың келесі кезеңі – ТЖМК функцияларының кеңеюі және оның құрылымының нығаюы кезеңінің бастамасын білдіреді. Сонан кейін ТЖМК Төтенше жағдайлар комитеті, одан кейін Төтенше жағдайлар агенттігі болып қайта құрылды. Президенттің тапсырмасы бо­йынша 2008 жылғы 22 қаңтардағы Қауіп­сіздік кеңесі отырысында 2008-2009 жылдары ТЖМ жүйесінде әкімшілік реформа болып, ол орталық аппарат және облыстардағы дара басшылық рөлін үйлестіруді барынша күшейтіп, жаңа, функционалды ұтымды құрылым құруға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында бірқатар ірі жобалар ойдағыдай іске асырылды. Еліміздің барлық аймақ­тарында апаттық медицинаны құру, кли­ни­­калық базаны жасау төтенше жағдай­лар кезінде зардап шеккендерге жедел кө­мек көрсетудің тиімді тетігін қалыптас­ты­ру­ға мүмкіндіктер қарастырылды. ТЖМ авиапаркін күшей­ту жөніндегі Президенттің шешімі уақ­тылы және орынды болды. Еліміздің страте­гия­лық объектілері және халық қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз ету, еліміздің жоғар­ғы құндылығы ретіндегі халықтың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардан халықты сенімді қорғау басты міндеттің бірі. Алайда құтқару және өрт техника­ларының саны және сапасына жиі сын айтылып жатады, өртке қарсы қолда­нылатын арнайы мақсаттағы техникалардың сапасы қай деңгейде. Жыл сайынғы көрсетілген ашық деректерге қарағанда, бұл мәселе бойынша да мемлекет тарапынан ауқымды істер атқарылып жатқаны рас. Әйткенмен, Шығыс Қазақстан облысында жиі орын алатын өрт жағдайы кезінде ТЖ тарапына түрлі сындар айтылып жататыны жасырын емес.

Өрт сөндіру қыз­меттерінің бөлімшелері Қазақстан азаматтары мен ұлттық байлығын қорғау бойынша алға қойыл­ған міндеттерді орындауға қаншалықты әзір деген сұрақтың туындайтыны заңды.  2009 жылы Женевада 187 елдің қатысуы­мен өткен зілзалалар қаупін төмен­де­ту бойынша жаһандық платформаның 2-ші сес­сия­сында зілзалалар қаупін төмендету бо­йын­ша қазақстандық платформа ең көп функ­ционалды және тиімділердің бірі болып танылғаны төтенше жағдайларға ден қою саласындағы Қазақстан рөлінің артып келе жатқаны айтылған. Мәселен, Тәжікстан, Қыр­ғыз Республикаларының төтенше ведомство­лары, БҰҰ гуманитар­лық мәселелерді үй­лестіру басқармасы Қа­зақ­станның табиғи зілзалаларға ден қою және қауіпті төмен­дету жөніндегі орта­лық­ты құру бастамасын қолдады, оның қызметі 2010 жылы бастал­ған болатын. Сөйтіп, соңғы жылдары еліміздің өрт-құт­қару бөлімшелерін инновациялық-техника­лық қайта жарақтан­дырудың белгіленген нәтижелеріне қол жеткізілді. Қазіргі заман­ғы талаптарға сай келетін өрт сөндірудің жаңа және тиімді техно­логиялары енгізілді. Өртке қарсы қызметті қайта жарақ­тан­дыру іс-шараларының іске асырылуы жедел қызметтердің өрттерге және басқа төтенше жағдайларға ден қоюының ұт­қыр­лығы мен жеделдігінің артуына алып келді, ол өз кезегінде өрттерді оқшаулау мен жою уақытын қысқартуға, олардың салдарынан адам және материалдық шы­ғындарды төмендетуге мүм­кіндік бермек. Қазақстанда өртке қар­сы қызмет үшін білікті мамандарды даярлауды жүзеге асыратын жалғыз білім ор­дасы Тө­тен­ше жағдайлар министрлігінің Көкше­тау техникалық институты екен. Оқу тегін, оқудың бүкіл кезеңіне курсанттар нысанды киіммен, тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етіледі. Үміткерлерді оқуға қабылдау талап­кер­лердің аумақтық Бірыңғай ұлттық тестілеу орта­лықтарында алған серти­фи­каттарының не­гі­зінде және кешенді тестілеу нәтиже­лері бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ талапкерлер дене шынықтыру бойын­ша сынақтар тапсы­рады және медици­на­лық тексерістен өтеді. Курсанттың инс­титуттың күндізгі бөлімінде оқу мерзімі мерзімді әскери қызметтің өткерілуіне теңестіріледі жә­не 4 жыл. Бітіргеннен кейін курсантқа өрт сөндіру қызметінің лейтенанты-арнайы әскери атағы беріледі. Сондай-ақ осы жоғары оқу орнының сыртқы бөлімінде министрлікте жұмыс істейтін қызметшілер оқиды. Сонымен бірге өрт сөндіруші-құтқару­шыларды кәсіби даярлауда өрт сөндіру мемлекеттік мекемелерінің кәсіби даярлау және оқу пункттерінің мектептері маңыз­ды рөл атқарады. Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарына қызметке алынатын адамдар кәсіби даярлау мектептерінде алғашқы әскери оқудан өтеді. Міне бұл мәселе де арқпарат саласында насихатталуды қажет етеді. Бұл салаға жастардың қызығушылығын арту мәселесі де күн тәртібенде тұрған жайт екені сөзсіз.

Сақтансаң – сау боларсың. Оқыс жағдайлардың қалай алдын алу керек? Кейбір қауіп-қатерден қалау қорғануға болатын жолдарын қарастырып көрген едік. Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да көбейіп кетті. Мәселен қыс айларында боран, өрт оқиғалары жиі тіркелетін болса, көктем шыға қар суының еруінен болатын су тасқыны жиі орны алып жатады, ал жазда дала өрті көп тіркелуде. Көп жағдайда бұл климаттың өзгеруімен және өзге жағдайлармен байланыстырылып жүр. Осындай қауіп-қатерді болдырмау мақсатында елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдары жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалды.

Бүгінде заман өзгеріп технология атаулы қарыштап дамыған сайын, адамзатқа төнетін түрлі сипаттағы қауіп те күшейе бермек. Сондықтан халықты түрлі қатерден, оқыс жағдайлардан сақтандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және сол арқылы елге төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы көмекті көрсету тәсілдерін үйретудің маңызды екені белгілі. Қазіргі бұл тәсіл сәтті қолданыла бастады. Мысалы ауа-райының өзгерістерін, болуы мүмкін түрлі жағдайларды ескертіп, сақтандыратын СМС-хабарламалар жүйесі кең қолданыла бастады. «Сақтансаң – сақтаймын» деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Бүгінде апаттың алдын алу үшін елді құлақтандыру мақсатында еліміздің арнайы мамандары түрлі шараларды атқарып, әр түрлі жолдарын қарастырып отыр. Түрлі қысқа бүктемелер мен бейне ескертулер дайындалған. Мәселен ел аумағының 60 пайызын шөл дала саналатын дала өрті туралы және оның себептері жайлы арнайы видеода көптеген ақпарат бар.

Жалпы, елімізде халықтың есінде қалған талай табиғи апаттар болды. Көптеген адамның өмірін жалмаған оқиғалар тіркелді. Соның салдарынан қаншама адам ажал құшты. Ал келтірілген шығын көлемі тіпті қисапсыз. Қазақстанда болған ірі табиғи апаттардың басым көпшілігі жер сілкінісі, су басу, қар көшкіні сынды табиғи құбылыстармен байланысты. Соның көктем кезінде су тасқынына байланысты болған Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында тіркелген табиғи апат. Аталған нәубеттен 45 адам көз жұмған болатын. Су тасқыны тұтас бір ауылды қиратып кетті. Орын алған қайғылы оқиғадан кейін өтенше жағдайлардың алдын алу мәселесіне аса қатты мән беріліп келеді. Сондықтан, қандай төтенше жағдай болмасын, біздің елдің азаматтары өз білімдерін жетілдіруді азаматтық борышы санаса артық болмас.

Елімізде мұндай түрлі сипаттағы қауып-қатерден қалай қорғану керек, оның қалай алдын алуға болатыны және зардап шеккен жағадайда қандай шара қолдануға болады, қайда хабарласу қажет барлығы дерілік түрлі бүктемелермен және шағын бейнероликтер арқылы көрсетілген. Біз бұл материалымызда оның бәрін тамтып жатпаймыз, ең бастысы  адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететен бұл саланың жұмысына ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету және халықтың қаперіне салу.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

18.05.2024

Су тасқыны: Зардап шеккендерге 7,5 млрд теңге төленді

14.05.2024

Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

07.05.2024

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

06.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

03.05.2024

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

26.04.2024
MalimBlocks
Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

Қазір өрт себебі анықталып жатыр

Су тасқыны: Зардап шеккендерге 7,5 млрд теңге төленді

Осы аптада Атырау облысында су тасқынының қауіпті кезеңі күтілуде.

Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

Алдын ала нұсқа бойынша, қайғылы жағдайдың себебі электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын. 

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, бұл аймақ батпақты, адам жетуі қиын жерде орналасқан.