Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Malim Админ

  • 26.03.2024

Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен қатысады, деп хабарлайды Туризм жəне спорт министрлігінің  баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Қазақстан делегациясының қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар:

  • Бокс (ерлер) – 6
  • Нысана көздеу – 5
  • Садақ ату – 4
  • Семсерлесу – 4
  • Тас жолдағы велоспорт – 3
  • Қазіргі бессайыс – 2
  • Таэквондо – 2
  • Бокс (әйелдер) – 1
  • Грек-рим күресі – 1
  • Еркін күрес – 1
  • Спорттық гимнастика – 1
  • Батуттағы гимнастика – 1.

- Лицензия санын өңірлер үлесіне бөлер болсақ, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысы үздік нәтижемен көш бастап тұр. Үшеуінің де еншісінде бес жолдамадан бар. Кейінгі орындарға ШҚО (4), Астана қаласы (3), Жамбыл (2), СҚО (2), Ақмола (1), Қызылорда (1), Абай (1), Қарағанды (1) және Түркістан облыстары (1) жайғасқан. Ал қалған өңірлерде Олимпиаданың бірде-бір жолдамасы жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына дейін әлі 50-ден аса лицензиялық жарыс бар. Оның ішінде спортшыларымыз әлем чемпионаттары, Азия чемпионаттары және  рейтингтік турнирлерге қатысады.

Париж олимпиадасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция жеріндегі додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

ФОТО: www.eurotunnel.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасының бес жолдамасын жеңіп алды

12.03.2024
MalimBlocks
Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасының бес жолдамасын жеңіп алды

Әйелдер құрамасы лицензия ала алмады.