Қара алтын өндірушілерге жеңіл салық берілуі мүмкін

Malim Админ

  • 18.03.2020

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының  күн санап құбылып, құлдырауы еліміздегі өндіруші компанияларды тығырыққа тірей бастағандай. Қиындықтан шығар жол іздеген олар мемлекеттен салықты жеңілдетуді сұрай бастапты.  Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, журналистерге шыққан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қара алтын өндірушілердің бастарына төнген қара бұлтты қалай сейілтуге боларын айтып қалды. Вице-министрдің сөзінше, жер қойнауын пайдалану кодексінде дәл қазіргі жағдайда қолдануға болатын жеңілдіктер баршылық.

­—Мұнай бағасының құлдырауынан өндіруші компанияларды шығынға батырмас үшін заңнамада айтарлықтай амалдар көзделген.  Мәселен, ренторлық салықты мұнай бағасына байланысты белгілеуге болады.  Кодекс бойынша, мұнай бағасы 40 доллардан төмендеп кетсе, брендтік салық алынбайды. Эскпорттық кедендік баж салығы да мұнай бағасына қатысты. Кодекс бойынша, мұнай бағасы түскен сайын осы салық та жеңілдейді. Мысалы, мұнайдың бір баррелі 60 доллар болғанда өндірілген 1 тонна мұнай үшін де 60 доллар салық төленіп келді. Енді 40 доллар болса, кедендік баж да 40 доллар болады. Өз-өзін ақтауы төмен санаттағы  кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін төмендетуге мүмкіндік бар. Ол да кодексте қаралған. Мұнай компаниялары осы нормаға байланысты өздерінің өтініштерін берсе, Ұлттық экономика министрлігі  ұсыныстарын жоғарыда айтқан амалдарға сап, қарастырады», – деді ол.

Сарапшылар қазіргі әлемдік дағдарыстан ел бюджетінің қомақты бөлігін толтырып келген мұнай-газ, тау-кен өндіріс орындарының қалай аман шығарына алаңдаулы. Кейбір мамандар әлемдегі мұнай бағасы қазақ мұнайының өзіндік құнынан да түсіп, құлдырап кетсе, мемлекет алпауыт өндіріс орындарына қолдау керек деп санайды.  Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың жоғарыда айтқан сөзінен  үкімет ел экономикасының дамуына ықпалы зор, алпауыт өндіріс орындарын салық саясатын жеңілдете отырып сақтап қалуға түрлі жоспар құрып, дайындалып жатқаны аңғарылады.

Байланысты жаналықтар

Қарашығанақта қанша мұнай мен газ қалғаны белгілі болды

05.04.2024

Каспий құбыр консорциумында мұнай тасымалдау тоқтатылды 

13.04.2023

80% мұнай және бір құбыр: Ресей бізді осыған мәжбүрледі

25.03.2022

"Төртінші зауыт қажет емес": Мұнайды Қытайға өңдемей сата береміз бе?

11.03.2021

Біз мұнайшыларға, мұнайшылар үкіметтің аузына қарап отыр

28.05.2020

Қазақстан мен Ресей кәдімгідей есеңгіреп қалды

22.05.2020
MalimBlocks
Қарашығанақта қанша мұнай мен газ қалғаны белгілі болды

Еліміз тәуелсіздік алған жылдары барлығы 270 млн тоннадан астам мұнай мен конденсат өндірілді.

Каспий құбыр консорциумында мұнай тасымалдау тоқтатылды 

Мұнай жеткізу жоспарлы түрде шектелді

80% мұнай және бір құбыр: Ресей бізді осыған мәжбүрледі

Мұнай құбырының бұзылуы – Ресей тарапынан қасақана жасалған әрекет.

"Төртінші зауыт қажет емес": Мұнайды Қытайға өңдемей сата береміз бе?

Біз мұнайшыларға, мұнайшылар үкіметтің аузына қарап отыр

Қазақстан мен Ресей кәдімгідей есеңгіреп қалды