Генерал Қасымовтың ұлында қанша компания бар?
Қазақстанда жоғарғы лауазымды шенділердің ұл-қыздарының карьералары да тамаша-ақ. Кейбірі Форбс журналындағы миллионерлер қатарында болса, енді бірі мемлекеттік қызметтің жайлы креслоларына жайғасқан.
МӘЛІМ КЗ сайты өз оқырмандарына Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, полиция генерал-полковнигі Қалмұқанбет ҚАСЫМОВТЫҢ ұлы-қыздары жайлы баяндайтын болады.
Генерал Қасымовтың екі қыз, бір ұлы бар. Жалғыз ұлы 38 жастағы Қанат ҚАСЫМОВ табысты кәсіпкер. Қанат ҚАЛМҰҚАНБЕТҰЛЫ әкесі сынды қарапайым тергеуші боп болып еңбек жолын мехнатты жұмыспен бастамаған. Қырыққа толмай-ақ бизнесте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіпті.
Генералдың ұлы бірнеше компанияның иесі. Атап айтсақ, «TATI Industries», «Қызылсок» кен орны, «Standart Equipment», «Жаңа Құрылыс КЗР» компанияларының қожайыны.
Сондай-ақ, «ITECTO», «КАМА.INVEST», «КАЗТРАНСТРАК» компаниялары құрылтайшыларының бірі. Оның бизнестері Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысында тіркелген.
Алматы облысында жұмыс істеп тұрған «Қызылсок» кен орны керамикалық плиталарды шығарады.
Генералдың қыздары да бизнеске бейім екен. Жәмиля ҚАЛМҰҚАНБЕТҚЫЗЫНЫҢ атында екі ЖШС тіркелген. Ал Камила ҚАЛМҰҚАНБЕТҚЫЗЫ ресторан бизнесімен айналысады. Ол «Емиральд» ЖШС-нің иесі. Генерал Қасымовтың ұл-қыздарына қатысты ақпараттар ашық дереккөздерден алынды.
Коллаж: МӘЛІМ КЗ