Қатаң карантинді екінші рет енгізген жалғыз елміз

Malim Админ

  • 05.07.2020

Қатаң карантиннен кейін вирустың таралуын тежей алған елдер шекарасын ашып, қалыпты өмірге оралып жатса, Қазақстан үкіметі екінші мәрте қатаң карантин жариялады. Олай етпесек, тамыз айының аяғында күн сайын вирус жұқтырғандар 27 мың адамға жетеді дегенді денсаулық сақтау министрі А.Цойдың өзі айтты. Бірақ ауруханадан орын, дәріханадан дәрі-дәрмек таппай қиналған жұрт әлемжеліде үкіметтен емес, бір-бірінен көмек сұрап отыр.

"Дәрігерлердің күші, ал халықтың ақшасы жоқ"

Әлемдегі жетекші баасылымдар Қазақстанда вирус өршіп тұрғанын жазып жарыса жатыр. Британдық Telegraph басылымы Қазақстан қатаң карантинді екінші рет енгізген әлемдегі алғашқы ел екенін жазыпты. "Локауттан шығып жатқан басқа елдердің бәрі Қазақстандағы оқиғадан сабақ алуы керек. Жол жүру қайта шектеледі, қоғамдық көлік жүретін уақыт қысқарады, кей кәсіпорындар мен шығыстағы екі қала жабылады", - делінген Telegraph мақаласында.

Басылымның жазуынша, төтенше жағдай аяқталып, карантин шаралары бірте-бірте алына бастаған соң, қазақстандықтар сақтық шараларын ұмытып, той-томалақ өткізіп, қонақ күтіп, кафе, мейрамханаларға бара бастаған.

"28 жыл бойы жұмыс істесем де, мұндайды көрмеппін. Халық бұл індетке бейжай қарағандықтан, көптеген адам қайтыс болып жатыр. Халық көшеге шығады, тойға барады, сөйтіп бір-біріне ауру жұқтырады", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан шыс бас инфекционисті Сәуле Атығаева.

Басылымға сұхбат берген "Уральская неделя" газетінің реакторы Лұқпан Ахмедияров қазақстандықтардың көпшілігі індетке сенбегенін айтқан. "Билік біз індеттің шарықтау шегінен өттік деді. Бірақ шарықтау шегіне енді жақындап келе жатқанымызы көріп отырмыз. Наурыз айында ондаған адамнан вирус анықталса, енді жүздеген адамнан анықталып жатыр. Дәрігерлердің күш-жігері, ал халықтың ақшасы жоқ", - дейді Л.Ахмедияров.

29 маусым күні бірқатар әкімге сөгіс жариялап, ескерту жасаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке дәрі-дәрмек мәселесін шешу үшін бес күн берген болатын. Одан бері бес күн өтсе де, дәріханалардағы ұзын-сонар кезек тарай қоймады.  Ал дәрі-дәрмек іздеп таппай жүрген жұрт әлемжеліде бір-бірінен көмек сұрап отыр. Facebook әлеуметтік желісіндегі "Врачи РК!У кого и где лечиться" тобы "қалай емделемін", "дәріні қайдан табамын", "туысым қайтыс болды" дегендей жазбаларға толып кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушылары кей ауылдарда пневмония өршіп тұрса да, дұрыс медициналық көмек ала алмай жатқандарын жазып жатыр. Ақтау тұрғыны Еркебұлан Жаулыбаев Маңғыстау облысыдағы Жармыш ауылында өкпе қабынудан соңғы он бес күнде 10 адам қайтыс болғанын жазады. Маңғыстау облысының әкімі Серік Тұрымовтың атына ашық хат жариялаған тұрғын Жармыш ауылын індет ошағы деп танып,  провизор орталығын ашуды сұрапты.

"Қазіргі таңда 20 адам күндізгі бөлімде ем алуда, 6 адам аудан орталығында емдеу мекемесінде (фактіленді) және үйде жатып өз бетімен ем қабылдап жатырған адам өте көп. Осы көрсетілген мәселелерді сіздің қаперлеріңізге бере отырып, ауыл көлемінде пандемияны құрықтау бағытында іс-шараларды ұйымдастыруды және науқастардың одан әрі ұлғаюы мен қайтыс болуына жол бермейтін шаралар бойынша шешімдер қабылдауыңызды сұраймыз.
Осы орайда біздің ұсыныстарымыз: 1. Жармыш ауылына тұрақты дәрігер алдыру керек.(Соңғы 5 жылда ауылымызда тұрақты дәрігер болған емес және соның нәтижесі жағдайдың бірден ушығуына әкеліп отыр);
2. Жедел-жәрдем автокөлгін жаңарту (Өте ескі УАЗ көлігі болған соң жүруінен тұруы көп және жүргізуші тұрақтамайды); 3. Ауыл амбулаториясын науқастарды емдеуге жететін мөлшерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
4. Ауыл амбулаториясынан 10-15 орындық провизорный ашу (аудан ауруханасының жүктемесін азайту мақсатында)..." - делінген мәлімдемеде.

Жұма күні өткен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова өкпесі қабынып ауырғандар көбейген соң, мұндай науқастар COVID-19 клиникалық хаттамасы бойынша емделетінін жеткізді.

"Кейінгі уақытта пневмония диагнозымен түскен науқастарды тексерген кезде ПТР қорытындысы оларда (инфекция) белгісі жоғын көрсетеді. Мұндай болуы да мүмкін, себебі коронавирус инфекциясы жоғары тыныс жолынан төменгіге өтіп кеткен соң ПТР-тест қорытындысы (вирус барын) әр кез көрсете бермейді", - деді Есмағамбетова.

Қазақстан 29 маусымнан бері коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын бермей келеді. 29 маусым күні коронавирустан қайтыс болғандар 188-ге жеткен. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұдан былай коронавирустан көз жұмғандардың статистикасы аптасына бір рет жарияланатынын айтты.

“Комиссия өлімнің себебін кісі қайтыс болғаннан кейін анықтайды. Сөйтіп кісінің коронавирустен өлгенін біз бір-екі күн кешігіп білеміз. Біз мұны апта сайын беруді жоспарлап отырмыз” , - деді министр брифингте.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандарды симптомды-симтомсыз деп бөлмей, коронавирус анықталғандардың жалпы санын бере бастады. Оған дейі, 3 маусымнан бастап Қазақстан үкіметі коронавирус жұқтырғандарды симтомды және симптомсыз деп екіге бөліп, симптомсыздарды негізгі статистикаға қоспай келген еді. 1 маусым күні министрлік барлық ауру жұқтырғандарды қосып берген соң, әлемдегі елдерде COVID-19 таралуының статистикасын жасап отырған Джонс Хопкинс университеті базасында Қазақстан күрт жоғарылады. Осы деректерге сүйенген The New York Times басылымы елімізді вирус өте жылдам тарап жатқан елдердің қатарына қосты.

5 шілдедегі мәлімет бойынша, елде 47 171 адамнан коронавирус анықталды. Оның 15 556-сы жазылып шықты. 188 адам қайтыс болды.

 

Фото: ria.ru

Байланысты жаналықтар

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

24.04.2024

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

24.04.2024

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024
MalimBlocks
Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Онда мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатын болады.

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай — 4 011 адам (29,6%), Өзбекстан — 1 577 адам (11,6%), Үндістан — 1 187 адам (8,7%), Түркия — 1 058 адам (7,8%).

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.