Бала Божко министрге: «Шешімді жүре қабылдайсыздар»

Malim Админ

  • 21.02.2020

Ауыл шаруашылығы министрлігің отырысында министр Сапархан Омаров пен Жұмыртқа өндірушілер ассоциациясының басшысы Максим Божконың арасында дау туған.

Максим Божко агроөнеркәсіп саясатының өзгергеніне және жұмыртқа өндірушілеріне берілетін кей субсидиялардың қысқарып кеткеніне наразы.

«Кеше министрлікте біздің экспортқа 1,4 миллиард жұмыртқа шығарғанымыз айтылды. Бұл шындыққа жанаспайды. Статистика комитеті дұрыс ақпарат бермеген. Біз барлық құс фабрикаларынан сұрадық. Экспортқа 500 миллион жұмыртқа шығардық деп сенімді айта аламыз. Бұл сіздер айтқан саннан үш есе аз», – деді Божко.

Сонымен қатар, Божко жеке құс шаруашылықтары 1,2 миллион жұмыртқа өндіреді деген статистиканы да жоққа шығарды.

«Бағаны көтеріп, бізде бәрі жақсы дейміз. Бірақ табыс бар ма деп біреу сұрады ма? Құс өсіруді қолдау керек пе? Ауыл шаруашылығы министрлігі шешімді жүре қабылдайды. Мемлекеттің қолдауынсыз біздің салада ешқандай табыс болмайды. Біз субсидиялардың орнына жеңілдетілген несие аламыз дедік. Жұмыртқа өндіруге инвестияция жоқ, жеңілдетілген несие де жоқ. Біз жұмыртқаны артығымен өндереді екенбіз-мыс. Қытайға экспортқа шығайық деп екінші жыл өтініш айттық. Бәрі Қытайға ет шығарумен, азық-түлік шығарумен айналысты. Ал жұмыртқа туралы мүлде сөз жоқ», – деген Божко министрге өкпе артты.

Ресей мен Белорусьтан жұмыртқа таситын делдалдарға көп субсидия беріледі екен. «Ондай болса, шекараны жабайық. Егер шекараны жаба алмасақ, онда субсидияны бәріне бермеңіздер. Сонда кім қанша жұмыртқа өндіретін көреміз. Кімге бергілеріңіз келсе, соған субсидия бересіздер», – деді Жұмыртқа өндірушілер ассоциациясының басшысы.

Министр Сапархан Омаров субсидия бойынша ешқандай өзгеріс жоқ екенін, өзгерістің бәрі үш жыл бұрын агрөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасында көрсетілгенін айтты.

«Сіз өзгерістер талқылаусыз енгізеледі дейсіз. Мен мұныңызбен келіспеймін. Бұл бағдарлама өз уақытында сізбен келісіп жасалған. Егер сіз статистикаға сенбесеңіз, біз сенеміз. Статистка бойынша әр құс фабрикасы жеке есеп береді. Біз цифрларды ойдан шығармаймыз», – деді министр.

«Ол жерде қателік бар. Тексеру керек» деп сөзін бөлген Божкоға: «Егер қателік болса, сіздің қателігіңіз, статистика комитетінің емес», – деді Сапархан Омаров.

Минситр мемлекеттің 10 жылдан бері құс шаруашылығын қолдап келе жатқанын айтқан.

«Сізбен сөйлескенде бұл салаға субсидия бөлінбейді, басқа бағыт ұсыныңыз дедім. Сіз келістіңіз, бірақ ештеңе ұсынған жоқсыз. Біз қолдаймыз, бірақ басқа бағыт пен ұсыныс айтпадыңыз. Бізге жаңа технология енгізу керек» деп сөйлеген министрдің сөзін Божко тағы бөліп:

«Сізбен толық келісем, бірақ бұны екі жылдан соң істейік. Алдымен саланы дамытайық, сосын қазіргі бағдарламаны өзгертейік» деген. Оған:«Сіз сөйлегенде сөзіңізді бөлген жоқпын. Әдеп сақтайық», – деді министр.

Сөзге премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр араласып: «Егер бизнесте бұндай сұрақтар туса, оны ақылдасу керек. Сіздің салаңызды да, басқа салаларды да мемлекет қолдаусыз қалдырмайды. Бір салаға мемлекет қайта-қайта субсидия бере алмайды. Оны да түсініңіз», – деген.

Министрліктің отырыстарында Сапархан Омаровқа бұлайша именбей сөйлеген Максим Божко - Мәжілістің вице-спикері Владимир Божконың ұлы. Министрге тура сөйлеуінің мәні де сонда жатқандай.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Қостанайда шегірткеге қарсы химиялық майдан ашылды

08.07.2023

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

АШМ: 32 млн малға 23 млн тонна жем-шөп дайын

24.09.2021

«Únsіz qalma»: Буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығы

31.10.2020

Ақша игере алмаған министрліктерді атады

29.10.2020
MalimBlocks
Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Қостанайда шегірткеге қарсы химиялық майдан ашылды

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

АШМ: 32 млн малға 23 млн тонна жем-шөп дайын

«Únsіz qalma»: Буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығы

Ақша игере алмаған министрліктерді атады