Әкімдік «ескі» деген үйден тұрғындар көшкісі келмейді

Алматы қаласындағы Бұқар жырау – Манас – Ғабдуллин – Әуезов көшелерінде орналасқан үй тұрғындары жиналып, реновациялау жобасына қарсылықтарын білдірді.

  • 29.04.2021

Алматы қаласындағы Бұқар жырау – Манас – Ғабдуллин – Әуезов көшелерінде орналасқан үй тұрғындары жиналып, реновациялау жобасына қарсылықтарын білдірді. Жиынға қалалық мәслихат мүшелері мен кәсіпкерлер палатасының өкілі де келді.

Наразы тарап үйлерді қиратып, көпқабатты үй салуға қарсы. Мұны олар аймақтың сейсмикалық қауіпті болуымен түсіндірді.

«Сіздер Президенттің сөзін де құлаққа ілмей тұрсыздар. Мұндай жерлерде екіқабатты үйден биік ғимарат салуға тыйым салынған. Ал ғимаратты жаңартуға жауаптылар ұсынған жобаға сәйкес, бұл жерде 12 қабатты үйлер салынбақ екен. Біз қарсымыз. Бұл аймақта көпқабатты үй құрылысына тыйым салынған. Сол себепті бүгінге дейін 4 қабаттан биік үй салынбаған» - деді Элеонора Хасанова.

Элеонора ХасановаЭлеонора Хасанова - Malim

Қалалық әлеуметтік кәсіпкерлер палатасының атқарушы директоры Қанат Қайратұлы тұрғындарды әзірге ешқандай құрылыс жобасы жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, тұрғындармен өзара келіскеннен кейін ғана құрылыс басталады.

ҚайратұлыҚанат Қайратұлы - қалалық әлеуметтік кәсіпкерлер палатасының атқарушы директоры

«Жеке инвесторлар тарапынан осы аймақтағы ескі үйлерді құлатып, қайта салуға қызығушылық танытылды. Инвестор – елдің батыс өңірінде жақсы танылған K7 Group компаниясы. Әзірге БАҚ-та жарияланған құрылыс жобасы - жоспарлы концепция. Енді соны тұрғындармен келісіп, талқылап, жүзеге асыру жоспарда бар. Үйлер өте ескі. Бірақ біз тек бір-екі үй емес, түгел ауданды реновациялаймыз» - деді Қанат Қайратұлы.

Директор қираған үй тұрғындары құрылыс аяқталғанша уақытша тегін баспанамен қамтамасыз етілетінін айтты.

үйБұхар жырау көшесі - Malim

K7 Group компаниясының  өкілі Арсен Төлеуов 1-мамыр күні тұрғындар пікірін білу үшін онлайн тыңдалым өткізуге уәде берді.

«Тыңдалымды оффлайн режимде өткізуге санитарлық органдардан рұқсат ала алмадық. Қиратылғалы отырған үйлер 1950 жылдары салынған. Жұмысымыздың қала көркеюіне қосар үлесі зор. Аудандағы мектептер мен балабақшаны да өтеусіз негізде жөндеуден өткізбекпіз» - деді ол.

арсен толеуАрсен Төлеуов - K7 Group компаниясының  өкілі

Тұрғындардың бірі әкімдік олардың пікірін елеп-ескермей жатқанын айтып шағымданды.

«Urban Forum екі жыл бойы үйлердің жағдайын, аймақты тексеріп, реновациялаудың екі жобасын ұсынды. Тұрғындар оның бірімен келісіп отыр, әкімдікке де айтылды. Бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ. Өздері келіп, аспан тірейтін биік ғимарат құрылысын бастағалы отыр»

Тұрғындар инвесторлардың дәл осы аймақты таңдауының негізгі себебі болашақта түсетін табыспен байланысты деп есептейді.

көшеБұхар жырау көшесі - Malim

«Қайта салып, жөндеуден өткізетін болса, қаланың төмен жағында қирағалы тұрған үй көп қой. Бірақ ол жақтан қыруар қаржы табу мүмкін емес. Сол себепті қала орталығына көз салып отыр»

ghjatcjjh

Біраздан кейін жиналған елуге жуық тұрғынның бәрі бірдей реновациялауға қарсы емес екені белгілі болды.

«Менің өз пікірім бар. Балаларым, отбасым жарық, жөндеуден өткен, жаңа үйде тұрғанын қалаймын. 4 балам бар, оларды үйлендіремін, оқытамын, жайлы үйіміз болса дейміз. Бұл жағдайды табиғат апатымен байланыстырудың қажеті жоқ» - деді өзін консерватория профессорымын деп таныстырған ер адам.

h

«Мен он екі қабатты үйде тұрып, өмірімді қатерге тіккім келмейді. Оны былай қойғанда, ауа сапасы нашарлайды, пәтер саны артқан соң, тұрғындар көбейеді. Әр үйде кемі бір көлік бар. Аула тар, көше де солай. Кептеліс пайда болады. Мен ұсынатын басқа бір амал бар. Бізге тиіспесін, сол жетеді.

Біз Европадағыдай өмір сүрсек, болмай ма? Қаланың ескі орталығы, жаңа орталығы деп бөліп, ескі қала көрінісін сақтап қалуға болады ғой. Біздің үйіміз – тарих. Оны тек шағын жөндеу жұмысынан өткізіп, аулаларды көгалдандыруға болады ғой» - дейді Элеонора Хасанова.

v

Жаңа құрылысқа қарсы тұрғындар петицияға қол қойып, артынша Президентке видеожолдау түсіруге кетті. Қалған топ үйлерін жаңартуға қарсы емес екендерін айтып, тарқасты.

Байланысты жаналықтар

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

03.05.2024

«Президентке үндеу жаздық!»: БҚО-да үйі су астында қалған саяжай тұрғындары әкімдікке наразы

23.04.2024

Алматы облысында ауыл тұрғындары жайылымның сатылып кеткеніне наразылық білдірді

23.04.2024

Тоқаев министрге апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

08.04.2024

Алматыда таулы аймаққа заңсыз салынған ғимараттар сүріліп жатыр

30.03.2024

Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

28.03.2024
MalimBlocks
Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

«Президентке үндеу жаздық!»: БҚО-да үйі су астында қалған саяжай тұрғындары әкімдікке наразы

Тұрғындар шығынды бәріне бірдей өтеуді сұрайды.

Алматы облысында ауыл тұрғындары жайылымның сатылып кеткеніне наразылық білдірді

Ауыл әкімі жер телімі жекеменшікке өткенін растады.

Тоқаев министрге апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысына құрылыс саласының жай-күйі туралы мәлімет берілді.

Алматыда таулы аймаққа заңсыз салынған ғимараттар сүріліп жатыр

Алматы әкімдігі таулы аймақтарда заңсыз құрылыс салудың 54 фактісін анықтап, 46 талап-арыз сотқа жолданды, оның 30-ы қала пайдасына қанағаттандырылды, деп хабарлайды Malim.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

Ақмола облысында су тасқынынан кейін наразылық білдірген Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz.