Тасмағамбетовтің миллиардер күйеу баласы Мәскеудегі сарайын сатпақ

Белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев Мәскеу маңындағы аумағы 841 шаршы метр үйін сатуға қойыпты.

Орал Кайрат

  • 17.02.2023

Бұл ақпаратты ең алдымен  «Выход к морю» телеграм арнасы таратты.  Осыдан кейін ресейлік жылжымайтын мүлік агенттігі шығарған хабарлама ашылмай қалған. Азаттық сайты ақпараттың ізіне түсіп, жылжымайтын мүлік агенттігіне хабарласыпты.

– Хабарлама сайттан мүлік иесінің өтінішімен алынып тасталды. Бірақ үйді сату шешімі әлі өзекті, - депті өзін Михаил Бурыкин деп таныстырған NF Group жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері. Оның айтуынша, үйдің құнына ішіндегі жиһаз бен техника бағасы да кіреді.
69 сотық жерде орналасқан екі қабатты коттедждің бастапқы бағасы 850 миллион рубль болған, қазір 670 миллион рубльге (шамамен 4 млрд теңге) түскен.
Үй Мәскеудегі ең қымбат ауданда – Рублево-Успенское күре жолында орналасқан. Жылжымайтын мүлік агенттігінің хабарламасы бойынша, онда үш жатын бөлме, бірнеше зал, аумағы 234 шаршы метр монша, 3 автокөлік сыятын гараж бен қызметкерге арналған бір бөлмелі үй бар.
Агенттік өкілі үй иесінің қазір Ресейде тұрмайтынын, сол үшін сатқысы келетінін айт
қан.

(Басты беттегі фотода Кеңес Рақышев пен жұбайы Әсел Тасмағамбетова. Фото авторы: Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Мария Попова)

Байланысты жаналықтар

Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

10.08.2023

Жұрт күткен Тасмағамбетов, үнсіз қалған Әбілов – Президенттікке кандидаттар анықталды

11.10.2022

LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

08.09.2021

Мәсімов пен Байден кездесуі сөз болып жатыр

18.06.2021

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

20.05.2021

Кеңес Рақышевтің Ұлыбританиядағы ұстара бизнесі

17.05.2021
MalimBlocks
Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

АҚШ президентінің ТМД елдерінің шенеуніктер мен кәсіпкерлерінен пара алғаны белгілі болды.

Жұрт күткен Тасмағамбетов, үнсіз қалған Әбілов – Президенттікке кандидаттар анықталды

Президент сайлауына кандидат ұсыну тоқтатылды. Талапқа сәйкес 11 қазан күні 18:00-ге дейін ұйымдар мен бірлестіктер өз кандидаттарын ұсынып үлгеруі керек. Кім үлгерді, кім бұғып қалды?

LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

Мәсімов пен Байден кездесуі сөз болып жатыр

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

Кеңес Рақышевтің Ұлыбританиядағы ұстара бизнесі