Сенат Төрағасы Ұлытау облысының жұртшылығымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлытау облысының мәслихат депутаттары, ақсақалдары және жастарымен кездесті.

Malim Админ

  • 03.07.2023

Облысқа сапары кезінде Мәулен Әшімбаев өңірдегі маңызды проблемаларға назар аударды. Ұлытауға арнайы барып, жергілікті ақсақалдармен кездесті. Өз сөзінде Сенат төрағасы өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтауға үлкен үлес қосып келе жатқан аға буынға алғыс білдірді,- деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

«Ұлытау – ұлтымыздың ұясы. Біздің мемлекеттілігіміз осы киелі жерден бастау алады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлытау облысын құру туралы шешімі өңірдің дамуына тың серпін берді. Бұл өлкеде көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың кесенелері бар екені белгілі. Оларды лайықты қорғау және сақтау – ортақ жауапкершілік. Осы бағыттарда жүйелі жұмыс атқару – ұлтымыздың мүддесін қорғау, жоғын түгендеу, тарихи тұлғаларымыз бен мәдени мұраларымызды ұлықтау болары анық», – деді Мәулен Әшімбаев.

Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің берері қашанда мол екені сөзсіз. Мәулен Әшімбаев облыстың белсенді жастарымен кездесуде осы мәселеге көңіл бөлді. Өз сөзінде Сенат Төрағасы талантты, білімді жас буын еліміздегі өзгерістердің және Әділетті Қазақстан құрудың негізгі қозғаушы күші екенін тілге тиек етті.

Өңірге сапары аясында Мәулен Әшімбаев Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының және «Ұлытау технологиялық университетінің» ұжымымен кездесті. Сондай-ақ ол «Ұлытау» визит-орталығының қызметімен танысып, «Жошы Хан», «Домбауыл», «Алашахан» және «Алтын шоқы» тарихи-мәдени кешендерін және кесенелерін зиярат етті.

Байланысты жаналықтар

Сенат төрағасы Бишімбаев соты туралы пікір білдірді

14.03.2024

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

05.03.2024

Балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

19.02.2024

Ауыс-түйіс: Босаған 13 сенатордың 4-уі қайта оралды

24.01.2023

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

17.01.2023

Ескерткішке көзқарас: Әбдіғалиұлы елден, аруақтан кешірім сұрай ма?

15.09.2022
MalimBlocks
Сенат төрағасы Бишімбаев соты туралы пікір білдірді

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

Ол қазір уақытша ұстау изоляторында

Ауыс-түйіс: Босаған 13 сенатордың 4-уі қайта оралды

Мемлекет басшысы бүгін 13 сенатордың өкілеттілігін тоқтатты.

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

Бюджеттен ақшаның кешігіп түсу себебін отырыста баяндама жасаған Қуантыровтан да бір сұрай салуы керек пе еді...

Ескерткішке көзқарас: Әбдіғалиұлы елден, аруақтан кешірім сұрай ма?

Әбдіғалиұлының өзі қатысқан, өз қолымен ақ матасын сыпырған