Аштық жариялағандарды ақылға шақырды

Бүгін Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимарат сыртында бір топ азамат аштық жариялайтындарын мәлімдеп әлеуметтік желіге видео, фото таратты.

Орал Кайрат

  • 03.05.2023

Олар  мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуды талап етіп отыр.

Жұмыс талап етушілердің алдына шыққан әкімдік өкілдері аштық жариялау мен талаптары заңсыз екенін ескертті.

 Сондай-ақ, аштық жариялағандарды мұнай-газ саласына кезектен тыс жұмысқа алса, кезекте тұрған басқа адамдарға әділетсіз болатынын айтып, келіспейтіндерін жеткізді. Кейіннен әкімдік арнайы мәлімдеме таратты.

«Жаңаөзен қаласында арнайы алгоритм жұмыс істейді, оған сәйкес жұмыссыз тұрғындар жалпы кезекке сәйкес мұнай саласына жұмысқа орналасады», - дейді қала әкімдігінің мамандары.

Қазіргі уақытта Жаңаөзенде жұмысқа орналасуға, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар мүмкіндіктер бары айтылғанымен, талап қоюшылардың дені бірден мұнай-газ компаниясына орналастыруды сұрап отыр.

Ал мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасқан азаматтың мұнай саласына жұмысқа орналасуға тіркелген кезектілігі яғни алгоритм сақталады. Бұл басқа жұмыс істей отырып, сіз мұнай-газ секторында өз кезегіңізді күтуге мүмкіндік береді.

«Біз сіздердің кезексіз, қабылданған алгоритмнің шарттарын сақтамай мұнай-газ саласына тіке жұмысқа орналастыру жөніндегі талабыңызды орындай алмаймыз, өйткені бұл өз кезегін күтіп, әр түрлі салада тыныш жұмыс істейтін қала тұрғындарының құқықтарына нұқсан келтіреді. Біз сізді ақылға шақырамыз. Арандатушылыққа ұрынбаңыз», - дейді Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жауапты шенділері.

Фото: lada.kz

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

08.04.2024

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен әйел сал болып қалды

17.05.2023

Жаңаөзенде жұмыс сұрағандар аштық жариялайтынын мәлімдеген соң әкім үндеу жолдады

10.05.2023

Жаңаөзенде газ жарылып бір адам қаза тапты

17.04.2023

Жаңаөзенде қысқартылған жұмысшылар далада түнеп шықты

05.04.2023
MalimBlocks
Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

Ерікті тұрғындар мектеп, мешіт және үйлерде оларға жататын орындары мен ас-суларын дайындап қойған.

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен әйел сал болып қалды

Жарылыс кезінде  23 жастағы әйел денесі күйіп, омыртқасы сынған

Жаңаөзенде жұмыс сұрағандар аштық жариялайтынын мәлімдеген соң әкім үндеу жолдады

Жұмысқа тұрғызуды сұрағандар алған бетінен қайтар емес

Жаңаөзенде газ жарылып бір адам қаза тапты

Бүгін таңда Жаңаөзенде екі қабатты тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Жаңаөзенде қысқартылған жұмысшылар далада түнеп шықты

Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның алдына "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС-нің жүз қаралы адам жұмысшысы жиналып, талап қойып жатқаны туралы ақпарат тарады.