Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

Ерікті тұрғындар мектеп, мешіт және үйлерде оларға жататын орындары мен ас-суларын дайындап қойған.

Malim Админ

  • 08.04.2024

Атырау облысы Құлсары қаласына Жаңаөзен қаласы, Шетпе, Жетібай, тағы да басқа аудандардан тұрғындар келіп, тасқын судан зардап шеккендерді өз елді мекендеріне алып кетіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерікті тұрғындар мектеп, мешіт және үйлерде оларға жататын орындары мен ас-суларын дайындап қойған.

Еріктілердің айтуларынша, көрші атыраулықтардың апаттан зардап шегіп жатқанына бейжай қарай алмаған. Сондықтан да атқа қонып, қарапайым халыққа көмек қолын созуды ұйғарған.

Осылайша, бірнеше ауданнан ерікті түрде келгендер құлсарылық ағайынды өз өңірлеріне паналатуды шешіпті.

ТЖМ хабарлауынша, Маңғыстау облысында 83 мың адамға арналған 200 аса эвакуциялық бөлім ашылған.

Құлсарыдағы су тасқынының алдын алу үшін Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы және тағы басқа өңірлерден ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің құтқарушылары барған.

4-сәуір күні Атырау облысы, Жылыой ауданында Жем өзені тасып, аймақта Төтенше жағдай жарияланған. 5-сәуір күні Құлсары қаласын қарғын су басып қалды. Соңғы мәліметке қарағанда, қалада 2500 үй су астында қалған.

Наурыз айының соңынан бастап Қазақстанның бірнеше облысында еріген қар суы мәселесі туындады. Қазіргі таңда Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Семей облыстарында қарғын сумен күрес жүріп жатыр.

Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

02.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

02.05.2024

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

02.05.2024

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

30.04.2024

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

30.04.2024

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

29.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумақтарынан су бұрылды.

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр.

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

Өйткені, Қырым көпірін құлатпайынша, майдандағы әскерге жеткізілетін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек легін тоқтату қиын.

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

Белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды.

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

Қауіпті белгіге дейін шамамен 100 сантиметр қалды.