Бейбіт митинг қантөгіске ұласады деп ойламадық - дәрігерлер Қаңтар қырғынын еске алды

Айшолпан КЕРІМ

  • 28.01.2022

Қаңтар қырғыны кезінде тынымсыз еңбек еткен дәрігерлерлермен тілдесіп көрдік. Қанды күнді еске алып, сол күнгі оқиғаны баяндап беруге көп маман келісім бермеді. Бірі сол күнді еске алу ауыр десе, ендібірі аурухана басшылығының журналистерге сұхбат беруге тыйым салғанын айтып жатты. Атыс кезінде оққа ұшқандар мен жаралағандардың бір легін №4 қалалық клиникалық ауруханасы қабылдады. 

Аурухана бөлімінің меңгерушісі Магадин Хайроев дәрігерлерді бұл оқиға қатты күйзеліске ұшыратқанын айтты.

“Қаңтар трагедиясы бәрімізді күйзеліске ұшыратты. Шынын айтқанда, бейбіт басталған митингілер жаппай тәртіпсіздікке, қантөгіске ұласуы мүмкін деп ешкім ойлаған жоқ. Қаңтардың 4-і күні кешке, алаңнан алаңдатарлық хабар келе бастағанда, емхана басшылығы қызметкерлерді жұмылдыру туралы шешім қабылдады. Аурухананың қабылдау бөлімінде травматологтар мен хирургтар кезекшілік етті, қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер түсе бастады. Ұжымның жақсы үйлестірілген жұмысын, әріптестеріміздің өз міндеттерін орындаудағы кәсібилігін атап өткім келеді. Біз сезімге немесе үрейге берілмедік, адамдардың денсаулығына қауіп төніп тұрды, дәрігерлер, медбикелер мен тәртіп сақшылары конвейер режимінде өз жұмыстарын атқарып шықты”.

№4 қалалық клиникалық аурухана бөлімінің меңгерушісі Магадин Хайроев

Дәрігер сөзінше, жаралылардың алғашқы легі қаңтардың 4-і күні сағат 23.40 шамасында жеткізілген. Қалалық клиникалық ауруханаға наразылық білдірушілер тарапынан сыртқы қысым мен агрессия, аурухана аумағында тәртіпсіздіктер мен медицина қызметкерлеріне күш көрсету фактілері орын алмаған. Бас дәрігер Сағи Бейсенбеков бастаған емхана әкімшілігі тәртіпсіздіктер орын алған күндері ауруханада болған.

“Қаңтардың 5-інде 130-дан астам адам, жалпы «Алматы трагедиясы» күндері 4-қалалық ауруханаға барлығы 199 адам түсті. Олардың ішінде зардап шеккен тәртіп сақшылары мен қауіпсіздік күштері қызметкерлері көп болды. Жарақаттардың ішінде үшкір және доғал заттардан алған  жарақаттар, пышақ жарақаттары, бас және дененің түрлі бөліктерінің көгерген және жыртылған жарақаттары, сынықтар мен оқ жарақаттары болды”.

Оқи отырыңыз: Әкем "анаң алжыды" деп жылап қоңырау шалды - Альцгеймер жайлы

5.01.2022 №4 қалалық клиникалық ауруханасы

Дәрігерлер алғашында абдырап қалдық, бірақ, жәрдемге жүгінген көп адамға көмек көрсете алдық дейді. 

“Қалалық клиникалық аурухана негізінен жедел медициналық көмек көрсету қызметін атқарады,  сондықтан қызметкерлеріміз кез келген жағдайда тәулік бойы кәсіби, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге дайын. Команда уақыт сынынан өтті. Қызметкерлердің төтенше жағдайда жұмыс істеу тәжірибесі бар. Мәселен, 1989 жылы 20 мамырда Алматы-2 вокзалында газ цистернасы жарылғанда, 4-қалалық аурухана зардап шеккендерді қабылдаған, біздің дәрігерлер 2019 жылы Bek Air әуе компаниясының №Z2100 рейсіндегі жолаушылардың, 2020 жылдың наурыз айында ұшақ апатынан аман қалған екі ұшқыштың өмірі үшін күрескен.

Баса айтатын жайт, дәрігерлер ешқашан науқастарды жақсы-жаман деп бөлмейді. Қайғылы қаңтар күндері ауруханаға түскендердің бәріне бірдей және толық көлемде көмек көрсетілді. Хирургтар, травматологтар, анестезиолог-реаниматологтар 20-ға жуық ота жасады, бұл шамамен ота үстелінде 50 сағаттан аса уақыт болдық деген сөз.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер қорғансыздың күнін кешіп жүр

Зардап шеккендер ауруханада ем алуын әлі де жалғастыруда, қазір шамамен 25 адамға хирургиялық және травматологиялық көмек көрсетіліп жатыр”.

Қалалық №7 аурухана қызметкерлеріне зардап шеккендердің өмірімен қатар ауруханаға шабуыл жасаған бұзақылармен күресуге тура келді. Аурухана дәрігерлері кенеттен келген қарулы адамдарға қарсы күресі жайлы баяндап берді.

“Қолдарына қару асынып, мылтық кезенген адамдар келіп бірде спирт, бірде түрлі дәрі-дәрмек сұрады. Адам саны көбейе түсті, кейін басшылық баррикадалап, бөгеттер орнату туралы шешім қабылдады. Жедел-жәрдем қызметіне біздің ауруханаға науқас әкелмеуі тапсырылды. Ең жаманы, шабуыл дәрігерлік ауысым кезінде жасалды. Кезекшілігін аяқтаған көп дәрігер үйлеріне қайта алмай, сырттағылар кіре алмай, жұмысты сол құраммен жалғастыруға тура келді. Үйге тек әйел адамдарды қайтаруға тырыстық. Негізі, бұзақылардың басты мақсаты не болғаны түсініксіз. Шабуыл болған жоқ, тек үнемі аурухана терезесіне бейберекет оқу атумен болды. Мамандардың дер кезінде қимылдап, жан сақтау бөліміндегі науқастарды дереу эвакуациялап үлгергенінің арқасында көп нәрсенің алдын алдық деуге болады”, - дейді №7 қалалық аурухананың бас дәрігері Манас Рамазанов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шабуыл жасағандардың “шетел азаматтары” екенін бірнеше рет айтқан еді. Аурухана мамандары да бұзақылардың түсініксіз тілде сөйлегендерін еске салды.

“Терезелерге жақындап келетін, кейін оқ ататын, іле-шала бір-бірімен сөйлескенін естіп қалып жаттық, бірақ тілдері тым түсініксіз, не қазақша емес, не орысша емес, орысша сөйлейтіндерінің біртүрлі акценті бар. Сондай-ақ, бәрінде дерлік рация бар. У-шу, атыс, соғыс алаңы дерлік жағдай, бірақ біз жұмысымызды жалғастыра бердік”, - дейді №7 қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі  Есенай Еспембетов.

Аурухана басшылығының сөзінше, қазір онда қаңтар қырғыны күндері түскен науқас жоқ. Ал оқ атылған жан сақтау бөлімі терезелері қалпына келтіріліп, аурухана қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Байланысты жаналықтар

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

29.04.2024

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

29.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

29.04.2024

Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

26.04.2024
MalimBlocks
Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

Осы тұста аудан әкімі тарапынан заңға қайшы әрекетке жол берілген.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Оны ломбард қызметкерлері әшкерелеуге көмектескен.

Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.