«Еш алаңдамаңыздар»: Президент Батыс Қазақстан өңіріне сапарында тұрғындармен кездесті

Мемлекет басшысы БҚО Қаратөбе ауданындағы эвакуациялық пунктке барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 04.04.2024

Президент су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап шыққаннан кейін аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктке барды.

Мемлекет басшысы гуманитарлық көмекті тарататын пункттің жұмысымен танысып, су тасқынына байланысты жақын маңдағы ауылдардан көшірілген тұрғындармен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен әңгімелесу барысында мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды. Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Бірақ биылғы тасқын одан да асып түсті.

Президент шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық қажетті шараны қабылдайтынын айтты.

Хал-жағдайларыңызды білу үшін арнайы келіп отырмын. Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керек. Мемлекет, Үкімет баршаңызға қол ұшын береді. Материалдық, қаржылық көмек көрсетеді. Оған еш алаңдамаңыздар. Бәрі дұрыс болады, – деді Президент.

Кездесуде жергілікті тұрғындар Жақсыбай және Қалдығайты өзендеріне көпір салып беруді, сондай-ақ ауыл маңындағы бөгеттерді жаңғыртуды сұрады.

Мемлекет басшысы аталған мәселе бойынша Үкіметке тиісті тапсырма беретінін жеткізді. Сонымен қатар қарғын суды халықтың игілігіне пайдалану қажет екенін атап өтті.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

02.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

02.05.2024

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

02.05.2024

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

29.04.2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

29.04.2024

Құлсарыда су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр

29.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумақтарынан су бұрылды.

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр.

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

Қауіпті белгіге дейін шамамен 100 сантиметр қалды.

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр.

Құлсарыда су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр

Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды.