Су тасқыны облыстағы 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне залал келтірген. Әкім сөзінше, қарғын суға қарсы жұмысқа 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа пен 1 тікұшақ жұмылдырылған. Құтқару жұмыстарына Алматы мен Маңғыстау облыстарынан келген құтқарушылар көмектесіп жатыр. Осы кезге дейін су шайған елді-мекендерден 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 63 миллион теңге бөлінген.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы су басқан аумақтарды тікұшақпен аралады