Мәскеуде «Крокус Сити Холлдағы» теракт құрбандарының саны 139-ға жетті

Тағы 2 адам ауруханада қайтыс болған.

Malim Админ

  • 26.03.2024

Мәскеуде Crocus City Hall-дағы теракт құрбандарының саны 139-ға жетті. Бұл туралы Крокус-Сити Холлға жасалған шабуылдан кейін қабылданған шаралар туралы Владимир Путиннің қатысуымен өткен кеңесте тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеді, деп жазды BBC.

Бұған дейін қайғылы оқиғадан 137 адам қаза тапқаны хабарланған еді. Бастрыкиннің айтуынша, 2 адам ауруханада қайтыс болған. Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі 182 адамның жараланғанын айтқан еді.  

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу іргесіндегі «Крокус Сити Холл» концерт залында теракт болды. Қаруланған бірнеше адам «Пикник» тобының концертіне келушілерді атқан еді. Теракт жасады деген күдіктілер қамауға алынды.

 

ФОТО: TASS

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі терактіге қатысты тағы үш адам ұсталды

04.04.2024

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

04.04.2024

Мәскеуде «Крокустағы» шабуылдан соң ұсталған шешенстандық полиция бөлімінде көз жұмды

02.04.2024

«Крокус Сити Холл»-дағы теракт бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды

02.04.2024

«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

28.03.2024

Мәскеудегі теракт салдарынан 140 адам қайтыс болды

27.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі терактіге қатысты тағы үш адам ұсталды

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері «Крокус сити холлдағы» терактіге қатысы бар деген күдікпен Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларынан үш адамды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Өскемен қаласының тұрғыны полицияға терракт жайлы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеуде «Крокустағы» шабуылдан соң ұсталған шешенстандық полиция бөлімінде көз жұмды

Шешенстан тумасы Асхаб Успанов Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залындағы шабуылдан кейін түнде ұсталып, бірнеше сағаттан кейін полиция бөлімінде көз жұмды. Кейбір басылымдар оны түрмеде азаптаған болуы мүмкін деп жазып жатыр, деп жазады Azattyq.

«Крокус Сити Холл»-дағы теракт бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды

Мәскеудің Басман аудандық сотының шешімімен «Крокус Сити Холл» концерт залындағы лаңкестік әрекет бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіден кейін еліміздегі адам көп жиналатын орындар жоспарлы түрде тексерулерден өтетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракт салдарынан 140 адам қайтыс болды

Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» болған лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендар арасынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.