Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Теракт жасады деген екі күдікті қамауға алынды

Саясат
Теракт жасады деген екі күдікті қамауға алынды

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Әзірге күдікке ілінген төрт адамның екеуіне – Далерджон Мирзоев пен Саидакрам Рачабализодеге адамдар тобымен теракт жасау бабы бойынша (Ресей қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігі, «б» тармағы) айып тағылған. Ресейде бұл бап бойынша жасаған қылмысы үшін 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жасазына ілігеді.  

Сот баспасөз қызметінің дерегінше, күдіктілер «Крокус Сити Холл» кешенінде теракт жасағанын мойындаған.

Күдіктілер туралы мәлімет:

Далерджон Мирзоев 32 жаста. Үйленген, 4 баласы бар. Бұған дейін Новосибирск қаласында уақытша тұрған. Орыс тілін білмейді.

Саидакрам Рачабализоде 30 жаста. Отбасылы, 1 баласы бар. Ол да сотта аудармашы арқылы сөйлескен.

Мәскеудің Басман аудандық соты теракт жасады деп күдікке ілінген тағы екі айыпталушы – Мухаммадсобир Файзов пен Шамсидин Фаридуниді қамауға алу туралы өтініштерді қарайды.

Ақпарат құралдарының жазуынша, төрт күдікті де Тәжікстан азаматтары. Бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескен. Онда Рахмон терроризмді айыптап, «Террористерде ұлт та, Отан да, дін де болмайды» деген.


Фото: Интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу