Мәскеудегі теракт: Қырғызстан тумасы күдікке ілінді

Malim Админ

  • 26.03.2024

Ресейдегі «Крокус сити холл» концерт залында болған лаңкестікке қатысы бар сегізінші күдікті ұсталды. Күдікке ілінген Қырғызстан тумасы Әлішер Қасымов лаңкестердің жоспарынан бейхабар болғанын айтып отыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол бұған дейін ұсталған күдіктілерге пәтерді жалға берген. Қасымовтың сөзінше, ол «Авито» қосымшасының қызметі арқылы ғана олармен байланыста болған.

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ұсталған Әлішер Қасымов Қырғызстан азаматы емес. Қырғыз Республикасы президентінің 2014 жылғы жарлығына сәйкес республика азаматтығынан шыққан.

«Осыған байланысты бұл азаматтың құқығы мен заңды мүддесін қорғау мәселесі Қырғыз Республикасының Ресей аумағындағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінің құзыретіне жатпайды», - деп қосты СІМ.

Еске сала кетейік, кеше Мәскеудің Басманский сотына тағы үш күдікті жеткізілген еді. Олардың бірі Диловар Исмолов террористерге делдал ретінде көмектесті деген айыппен ұсталған. Сондай-ақ ұсталғандар мінген «Рено» көлігінің түпкі иесі болып шықты.

Оған қоса Диловардың 62 жастағы әкесі Исроил Исмоилов пен оның 33 жастағы ағасы Аминчон Саломов қамауға алынды. Олар тағылған айыппен келіспей отыр.

Тергеушілердің нұсқасы бойынша, Диловар мен Аминчон 24 наурызда қамауға алынған Шамсиддин Фаридуниді қылмыстық топқа тартқан.

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу іргесіндегі «Крокус Сити Холл» концерт залында теракт болды. Қаруланған бірнеше адам «Пикник» тобының концертіне келушілерге оқ жаудырған еді. Теракт құрбандарының саны 139-ға жетті.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

Қырғызстанда жер сілкінді

25.04.2024

Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

25.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Су тасқыны: Дағыстан азаматы Атырауға көмек ретінде 50 мың дана қап әкелді

09.04.2024

Тоқаевтың тапсырмасы: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды

09.04.2024

Садыр Жапаров Қазақстанға келе жатыр

09.04.2024
MalimBlocks
Қырғызстанда жер сілкінді

Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.

Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

Мақсат - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ, ысырапшылдықтың алдын алу.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Су тасқыны: Дағыстан азаматы Атырауға көмек ретінде 50 мың дана қап әкелді

Қазіргі уақытта Астрахан облысының этникалық қазақтары гуманитарлық көмек жинауға кірісіп кеткен.

Тоқаевтың тапсырмасы: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Кездесу барысында тараптар білім, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады.

Садыр Жапаров Қазақстанға келе жатыр

Ресми сапар 18-19 сәуірге жоспарланғаны белгілі болды.