«Назарбаев Университеті» Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 12 миллион теңге төлейді

«Назарбаев Университеті» Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 12 миллион теңге төлейтін болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 29.03.2024

Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты бұл шешімге апелляциялық шағым түсіруге болатынын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» РМК талап арызы қанағаттандырылсын. «Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымынан мемлекеттің кірісіне 12 038 750 (он екі миллион отыз сегіз мың жеті жүз елу) теңге, мемлекеттік бажға 361 132 (үш жыз алпыс бір мың жүз алпыс екі) теңге өндірілсін, - делінген судья Асан Бакишевтің шешімінде. 

Сондай-ақ бұл шешімге апелляциялық шағым түсіруге болатыны айтылған.

Іс материалына жүгінсек, 2021 жылдың 13 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Назарабев Университеті» автономды білім беру ұйымымен ғылыми-зерттеу жұмысын мақсатты бағдарламамен қаржыландыру туралы келісімшарт жасаған. Зерттеу тақырыбы – интеллектуалдық криптографиялық жүйелер: аппарат-бағдарламалық әзірлеме. Зертеу мерзімі – 2023 жылдың аяғына дейін. 

Жалпы жобаны қаржыландыру көлемі 120 383 750 теңге болған. Келісімшарт мерзімі кешіктірілгені үшін университет ҰҚК-ге осы соманың 10 пайызын өсімпұл ретінде төлейтін болды.

Фото: nu.edu.kz

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

06.05.2024

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

06.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

04.05.2024

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

04.05.2024

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

04.05.2024
MalimBlocks
Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

Еске салсақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа 2023 жылдың 9 қарашасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған. 

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Сотта жәбірленушілердің қорғаушылары сөйлеп жатыр.

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралады

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.