Қазақстанда электронды цифрлы қолтаңба өзгереді

Бұған дейін шығарылған ЭЦҚ кілттері мерзімі аяқталғанша әрекет етеді, оны міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ.

Malim Админ

  • 29.04.2024

«Ұлттық куәландырушы орталық» енді ЭЦҚ кілті бұрынғыдай екі бөліктен тұрмай, біріздендірілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін шығарылған ЭЦҚ кілттері мерзімі аяқталғанша әрекет етеді, оны міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 "Қазақстан Республиасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы оралығының және Қазақстан Республиасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер күшіне енуіне сәйкес (2023 жылғы 1 желтоқсанда № 595/НҚ қабылданды), 2024 жылғы 30 сәуірде ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшу іске асырылатындығын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Енді нақты қандай өзгерістер енгізілгенін тарқатайық. Сонымен:

1. ЭЦҚ-ның бір кілтіне көшу, яғни жеке және заңды тұлғаларға ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10 – 2015 (бұдан әрі – МЕМСТ 2015) алгоритмінде ЭЦҚ-ның бір кілті берілетін болады, ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де пайдаланылатын болады.

2. Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарлануда:

– «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер»;

– «Кадр бөлімінің қызметкері».

3. Бүгінгі күні ҚР ҰКО ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда. Осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

4. Барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады.

5. Жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады.

6. Сондай-ақ aKEy, 2017 жылдан бастап шығарылған KAZTOKEN және eToken негізгі ақпарат тасымалдаушылары ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10-2015-ті қолдайтынын хабарлаймыз. Қосымша ақпаратты аталған тасымалдаушыларды өндірушілерден сұрау қажет.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Мемлекеттік сатып алу саласында не өзгерді?

18.05.2024

Қазақстанда медициналық тексеруден өту ережелері өзгерді

14.05.2024

Енді қазақстандықтардың жеке куәлігінде жынысы мен азаматтығы жазылады

03.05.2024

Келесі Президент Ата заңды  өзгерте  ала ма? 

16.09.2022
MalimBlocks
Мемлекеттік сатып алу саласында не өзгерді?

Қаржы министрлігі соңғы өзгерістерді түсіндіріп берді

Қазақстанда медициналық тексеруден өту ережелері өзгерді

Бұйрық 2024 жылғы 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Енді қазақстандықтардың жеке куәлігінде жынысы мен азаматтығы жазылады

Жаңа жоба 21 мамырға дейін талқыланады. 

Келесі Президент Ата заңды  өзгерте  ала ма? 

Депутаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң қабылдады