Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Зардап шеккен өңірлерге 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Malim Админ

  • 12.04.2024

Еліміздің су тасқыны қаупі бар өңірлеріне басқа өңірлерден ТЖМ-нің қосымша күштері мен құралдары жіберілді. Соңғы тәулікте ТЖМ күштері мен құралдары Шымкент қаласынан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарынан, ТЖМ екі әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына жіберілді, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ ресми сайтының жазуынша, Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін қосымша 92 тонна азық-түлік өнімдерін броньнан шығару жоспарлануда.

Сонымен қатар 8 облыстағы су тасқынын жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, далалық ас үйлер, наубайханалар, шатырлар броньнан шығарылды.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Бұланды,  Сандықтау және Астрахан аудандарында Боқсық, Жабай, Аршалы, Сарқырама өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Зардап шеккен өңірлерге 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 9 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды.

Су тасқыны басталғалы бері 99 869 адам, оның ішінде 36  591 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 2 960  адам, оның ішінде 935  бала құтқарылды. 9 343 адам үйлеріне оралды.  Уақытша орналасу пунктеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналастырылды. 98 106 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 350 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 107 автожол, су шайған 116 автожол, оның ішінде 9 көпір және 107 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 66 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Ақмола облысында қардың тез еруі және Жабай, Боқсық, Жолболды, Қалқұтан өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атбасар ауданының Атбасар қаласында, А.Құрманов, Шуйское, Борисовка, Тимашевка ауылдарында, Бұланды ауданының Журавлевка, Ивановка, Капитоновка ауылдарында, Астрахан ауданының Қалқұтан станциясы, Ескi Қалқұтан, Жаңатұрмыс ауылдарында 294 жеке тұрғын үй су астында қалды, 475 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды, 756 үй жануары және құстары қауіпсіз жерге айдалды. Су бұру және сору жұмыстары жүргізілуде. Су басқан үйлерді есептеу және адамдарды эвакуациялау жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының Боголюбово ауылында жауын-шашынның көп түсуіне және Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 18 жеке тұрғын үй мен 4 аула аумағы су астында қалды.  14 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды, олар туыстарына орналастырылды.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 34 272 адам, 3 790 бірлік техника, 762 су сору және 200 жүзу құралы, 17 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

30.04.2024

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

29.04.2024

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

29.04.2024

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

29.04.2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

29.04.2024

Құлсарыда су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр

29.04.2024
MalimBlocks
Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады – депутат

Бұл Қазақстан үшін бірқатар келеңсіз салдар туғызып жатыр.

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

Қауіпті белгіге дейін шамамен 100 сантиметр қалды.

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі туралы фактілер бар.

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

Ол елде «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр.

Құлсарыда су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр

Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды.