Су тасқыны: Қоғам белсендісі азаматтарды көмек беруге шақырды

Енді қарғын су Атырауға қауіп төндіріп тұр.

Malim Админ

  • 10.04.2024

Су тасқыны қазір 12 облысты тарының қауызына тығып тастады. Бірақ қазақтың пейілі Сарыарқадай кең ғой. Оңтүстігі мен Шығысы, Батысы мен орталығы септесіп, қолдан келген көмегін аямай жатыр. Бүгін Бауыржан Бабажанның жазбасынан оқыдым. Әйелі және жеті баласымен мұз аралас судың ортасында қалған Ойылдың азаматын жерлестері тасқын судан құтқарып алыпты. «Құтқарып алыпты» дегеннің өзі құрғақ сөз. Әйтпесе, сең араласқан тастай суды екі шақырым жерге дейін белуардан кешіп барып, тоғыз адамды аман-есен құрғақ жерге екі сағаттың ішінде алып шығудың өзі ерлік! Тастай суда пәлен сағат шыдап отырған кіп-кішкентай балалардікі де ерлік!

Енді қарғын су Атырауға қауіп төндіріп тұр. Ор қаласында жарылған дамбаның суы бір-екі күнде қалаға жетеді. Түрлі видеодан көріп отырмыз. Жем өзенінен тасыған су қазір Каспийге құйып жатыр екен. Жем болса, қазір өз арнасын тауып, ашуы сабасына түсе бастапты. Ол да бір жақсылықтың нышаны. Ең қиыны – Ресейдегі Иректі су қоймасының көтерілуі еді. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, Иректің су деңгейі төмендей бастапты. Оған да шүкір дейік! Қарғын су апаты бізден өтіп, қар мен мұздың көбесі енді сөгіле бастаған Сібірге ауып барады.

Айқайлағанымызға да біраз уақыт өтті. Енді «ойбай, анау министр неге өйтпеді, мынау әкім неге сөйтпеді?» деп кінәласуды тоқтата тұрып, нақты көмекке кіріскеніміз жөн. Ертең бұл апат та өтер, кетер. Кінәлілер сөзсіз жазасын алар. Жазасын адамнан алмаса, Құдайдың жазасынан құтылмас. Мұның бәрі ертеңгінің ісі. Ал біз назарымызды барынша бүгін не істейміз деген мәселеге аударғанымыз дұрыс. Ең бастысы, ел болып жабылып, көмек беруді тоқтатпайық!

Тоқтар Жақаш

Сурет: Malim.kz  

Байланысты жаналықтар

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

30.04.2024

Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

25.04.2024

Атырауда ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді

25.04.2024

«Өтінемін, көмектесіңіздер»: Алматыда 5 жасар бала көршілер чатына хабарлама жіберіп, анасын өлімнен сақтап қалды

24.04.2024

Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

23.04.2024

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

23.04.2024
MalimBlocks
Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

Өйткені, Қырым көпірін құлатпайынша, майдандағы әскерге жеткізілетін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек легін тоқтату қиын.

Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 425 см.

Атырауда ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді

Балалар бәрінен қорқып, түсініксіз суреттер сала бастаған...

«Өтінемін, көмектесіңіздер»: Алматыда 5 жасар бала көршілер чатына хабарлама жіберіп, анасын өлімнен сақтап қалды

Әйелдің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.

Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

BBC хабарлауынша, мұндай шешім қабылданғаны туралы Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак 24 сәуірге жоспарланған Польшаға сапары барысында мәлімдемек.

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр.