Ұлттық қорды бұғаттатқан Стати жеңіліп қалыпты

Молдова олигархтары Анатол мен Габриель Статиді («Стати») жауапқа тарту ісінде Қазақстан түбегейлі жеңіске жеткенін Әділет министрлігі хабарлады.

  • 17.11.2021

2021 жылғы 16 қарашада Бельгияның Апелляциялық соты 530 миллион АҚШ долларына қатысты төрелік шешімді тану мен орындау шешімнің күшін жойды. Және Стати төрелік трибунал мен Швеция соттарын жаңылыстырды деген қорытынды шығарыпты. Соттың пікірінше, алаяқтық схема төрелік соттың жауапкершілік пен шығындарды өтеудегі қорытындыларына тікелей әсер еткен. King & Spalding заң фирмасы төрелікте Статидің мүддесін қорғаған және олардың жалған төрелік шешімдерін, соның ішінде Швеция мен Бельгияда тану және орындау бойынша дүниежүзілік әрекеттерін үйлестірген.

Бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулы алды, ол кейіннен 2019 жылғы желтоқсанда Бельгияның бірінші инстанция сотының қаулысымен расталды. Алайда, бұл екі шешім де Статидің алаяқтығының жаңа дәлелдерін қамтымайтын шектеулі фактологиялық базаға негізделген. 2020 жылдың қарашасында Брюссельдің апелляциялық соты Статидің қарсылығына қарамастан, алаяқтық туралы материалды толық көлемде ұсыну туралы Республиканың өтінішін қанағаттандырды.

Нәтижесінде апелляциялық сот Стати ауқымды алаяқтық схемаға қатысқанын және нәтижесінде төрелік шешім танылмауы немесе орындалмауы тиіс деген Қазақстан Республикасының позициясын растады. Бұл шешім Bank of New York Mellon-да сақталатын Қазақстан Ұлттық қорының 530 миллион доллардан асатын активтеріне уақытша тыйым салудың күшін жоюға алып келеді.

«Бұл Стати мен олардың сыбайластарына қарсы Республиканың көпжылдық күресіндегі маңызды шешім. Статидің алаяқтығы туралы Республика ұсынған материалдарды толығымен осы сот алғаш рет қарады. Қолда бар барлық дәлелдемелерді мұқият талдағаннан кейін Апелляциялық сот біздің елге, Статидің аудиторларына (KPMG), төрелік сотқа және төрелік шешімнің күшін жоюды қараған Швед соттарына қатысты Статидің алаяқтық жасағандығын растады. Бұл шешім Статиге ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби кеңесшілеріне де ауыр салдар туғызады. Бұл Статиге әлі де көмектесіп,  олардың заңсыз схемаларына қолдау көрсететіндер, соның ішінде Даниэл Чапман мен оның Argentem Creek компаниялар тобы үшін «қайтарылмайтын» нүкте болуы тиіс. Әділет министрлігінің атынан Стати мен олардың барлық сыбайластары жауапқа тартылмағанша, біз өз ұстанымымызда тұратындығымызды хабарлаймыз», деді әділет министрі Марат Бекетаев.

Атап айтқанда, Апелляциялық сот Статидің келесі әрекеттерін жалған және жаңылыстыратын деп шешті:

  1. Стати Қазақстандағы Tristan Oil, «Қазполмұнай» ЖШС және «Толқыннефтегаз» ЖШС компанияларының қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді жасау кезінде өздерінің KPMG сыртқы аудиторларын алдады.

  2. 2019 жылғы тамызда бұл есептіліктерге «сенім жоқ» деп KPMG «кері қайтарып алған» аудиторлық есептерге сүйене отырып, Стати төрелікте жалған қаржылық есептілікті заңдастырды.  

  3. Стати өздерінің компанияларының жалған қаржылық есептілігіне негізделген индикативті ұсыныс негізінде шығындар үшін өтемақы алды.

  4. Стати төрелікте өздеріне тиесілі Perkwood компаниясының шынайы мәртебесін ашпай, төрелік барысында олардың Қазақстандағы жобасына арналған жабдықтардың негізгі жеткізушісі болып табылатын тәуелсіз үшінші тарап ретінде жалған түрде ұсынды.

  5. Бұл ақпаратты Статидің ашпауы Қазақстанда газ өңдеу зауытын салу шығындарымен манипуляциялаған Статидің алдау схемасының нәтижесі болды, енді KPMG бұл олқылықтың елеулі бұрмалау болып табылатынын растады.

  6. Стати арбитражда олардың бұрынғы қаржы директоры Артур Лунгу жалған деп растаған құжаттарға, оның ішінде KPMG кешенді тексеруі туралы есеп, ақпараттық меморандум және қаржылық есептерге сүйенді.

  7. Стати Қазақстандағы инвестицияларының бар екендігін және заңдылығын көрсету үшін олардың қаржылық есептілігінің болжамды «шынайылығын» «Big Four» жататын аудиторлық компания тексерді деп төрелікте мәлім етті. Алайда, аудиторлық компаниясын алдағанын ашқан жоқ

Осы негізде Апелляциялық сот төрелік соттың шешім қабылдаған кезде «анық емес және айтарлықтай бұрмаланған дәлелдерге сүйенді» деп мәлімдеді. Жалған мәлімдеме жасай отырып, Стати ең алдымен Швецияда қабылданған 2016 жылғы желтоқсандағы төрелік шешімнің күшін жою туралы шешімге сүйенді. Статидің талабын қабылдамай, Апелляциялық сот Статидің төрелік шешімнің күшін жою туралы сот ісін жүргізу кезінде Швеция сотын «қасақана жаңылыстырды» деп шешті.

Толығрақ...

Байланысты жаналықтар

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

06.05.2024

Қазақстанның БАӘ елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

06.05.2024

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

06.05.2024

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

06.05.2024

Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

06.05.2024

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

06.05.2024
MalimBlocks
СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады.

Қазақстанның БАӘ елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

Әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтады.

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Ведомство басшылығының шешімі бойынша, 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

Еске салсақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа 2023 жылдың 9 қарашасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған.