«Ақ жолдың» ұстанғаны қай жол?! 

Азамат Әбілдаевтың мәселесі бүгін арнайы кеңесте қаралады

Malim Админ

  • 19.01.2023

«Ақ жол» партиясы Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдаған депутат Азамат Әбілдаевтың мәселесін бүгін, 19 қаңтарда арнайы кеңесте қарайды. «Ақ жол» партиясы депутаттың соғыс туралы пікіріне арнайы кеңесте «саяси баға» да бермек.

Күні кеше «Ақ жол» партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев «Азаттық» радиосына сұхбат беріп, Ресей мен Украина арасындағы соғысты «арнайы операция» деп атаған еді. Ол Путинді қолдайтынын ашық мәлімдеп, «осы жазға дейін Зеленскийді өз халқы ұстап, сотқа береді деп ойлаймын. Мен украинадағы арнайы операцияны қолдаймын»,- деді.  Кремльдің әрекетін  қолдаған Мәжілісмен «Украинаның билігінде нацистер отыр», деп ойлайтынын жеткізген. Депутат бұл ретте жалғыз емесін, өзі секілді ойлайтын 2-3 әріптесі бар екенін де айтып қалды. Артынша Ресейшіл депутат туралы партия төрағасы, депутат Перуашевтың ұстанымын білді.  Перуашев «Мен бұл туралы білмеймін. Ол оның жеке пікірі. Біздің партия соғысты қолдамайды. Біз ұлтшыл партия ретінде ең алдымен өзіміздің тәуелсіздігімізді, жер тұтастығымызды сақтауымыз керек деп білеміз» деген-ді.    

Депутаттың бұл пікірі азаматтардың наразылығын тудырып, белсенділер оған қандай да бір шара қолдану керектігін талап етті. Көпшілік «Алаш идеясына адал Перуашев бірден партиядан қуып шығады деп сенеміз», «Ақ жол» партиясының төрағасы Перуашев өз парламенттік фракциясына ие болудан әлдеқашан қалған. Партияластарының не айтып, не қойып жүргенінен де бейхабар»,-деп сөкті. Басында «Ол оның жеке пікірі» деп айтқан Перуашев тік көтерілген халықтың сөзінен сескенді ме, дереу қайта мәлімдеме жасады.  Партия президиумы депутаттың сөздері «Ақ жол» партиясының ұстанымына қарама-қайшы әрі партиялық, депутаттық этиканы бұзады деді. Бұған қоса партия «Қазақстанның және басқа да дос елдердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейтінін» айтып шыға келді.

Бұл парламентте бір ұстанымдағы депутаттардың жоқтығын да айғақтайтын жайт. Қазақстан билігі Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты ресми позициясын білдірмеген. Бірақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаймыз» деп,  Ресейдің Украинаға басып кіргенін «соғыс» деп сипаттаған-ды. Кремль Ресейдің ішінде соғыс деген сөзді қолдануға тыйым салып, Украинаға басқыншылығын «арнайы әскери операция» деп атаған болатын. Ал былтыр наурызда Алматыда мыңдаған адам соғысқа қарсы өткен митингіге қатысқан. Алайда кейінгі кезде билік Украинадағы соғысқа қарсы бейбіт митингілерге рұқсат бермей келеді.

Қазір Ресей Украинаның шығысындағы бір бөлігін оккупациялап алды. Бұл оккупацияны мойындамайтын Батыс елдер мен АҚШ Ресейге санкция салып, Украинаға қару-жарақ жағынан жәрдемдесіп жатыр. Сарапшылар Ресейдің «Киевті үш күнде басып аламыз» деген мақсаты орындалмай, Украинадағы соғысы сәтсіздікке ұшырады деп баға берді.

Көпшілік депутаттың сұхбаты ел арасына іріткі салып, дүрбелең туғызуы мүмкін деп отыр. Сол себепті, құзырлы органдар тексеріс жасап, мемлекеттің нақты позициясын айқындауды талап етуде. Ал Әбілдаев айтқан Ресейді қолдайтын екі депутатты да халық біліп, нақты шара қолдануы керек.     

Байланысты жаналықтар

Мәжіліске өткен партиялар анықталды

27.03.2023

Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының митингі өтті

10.03.2023

Сырымбек Тау: Respublica партиясы Meta жолды таңдайды

16.01.2023

«Ақ жол»: Жасырын дауыспен Тоқаев жеңді

06.10.2022

Саясаттанушы:  «Әкімдер партияның дербес болуына мүмкіндік берсін» 

22.08.2022

Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

16.03.2022
MalimBlocks
Мәжіліске өткен партиялар анықталды

Мәжіліс депутатының мандаттары қалай бөлінді?

Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының митингі өтті

Сырымбек Тау: Respublica партиясы Meta жолды таңдайды

«Ақ жол»: Жасырын дауыспен Тоқаев жеңді

Президент сайлауы қарсаңындағы комедиялық қойылымдар басталып кетті

Саясаттанушы:  «Әкімдер партияның дербес болуына мүмкіндік берсін» 

Қай кезде де халықтың арасынан табылуға тиіс

Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

Саяси белсенді Мұхтар Тайжан Жер қорғаны партиясын құратыны туралы хабарлады.