Атыраудың да әкімі ауысты

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 07.04.2022

Облыстың жаңа әкімі болып бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов тағайындалды.

Махамбет Досмұхамбетовті 2019 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі етіп тағайындаған. Ол осы қызметті атқарған 3 жылға жетер-жетпес уақыт ішінде екі бірдей орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалған. 2020 жылы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев ірі көлемде пара алды дегеп күдікпен ұсталған. 2021 жылдың қазанында орынбасары Қайрат Нұрлыбаев 83,7 миллион теңге бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінген. 2021 жылдың желтоқсанында тағы бір орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев бес миллион теңге көлемінде пара алды деп ұсталған. Орынбасары ұсталғаннан кейін Досмұхамедов өзінің отставкаға кетуге дайын екенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Атырау облысының әкімі кеткелі жатыр

Жаңа әкім Серік Шәпкенов БҚО және Атырау облыстарында лауазымды қызметтер атқарған. 2018-2020 жылдар аралығында Атырау облысы әкімінің орынбасары болған. Жоғарғы оқу орнын бітірген кезден бастап, тек мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келген.

Айта кетейік, бүгін президент жарлығымен Жамбыл және Қызылорда облыстарының әкімдері де ауысты.

Байланысты жаналықтар

Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

02.05.2024

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

02.05.2024

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

29.04.2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

29.04.2024

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

25.04.2024

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

25.04.2024
MalimBlocks
Жайық өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілді

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалған

Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр.

«Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді»: Бектенов жедел кеңес өткізді

Қауіпті белгіге дейін шамамен 100 сантиметр қалды.

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр.

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

Сондай-ақ анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.