Атырау облысының әкімі кеткелі жатыр

Malim Админ

  • 29.09.2020

Орынбасары істі болып, қомақты пара алды деген айыппен ұсталған Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ отставкаға кетуге дайын. Ол бұл туралы Astana арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Malim.kz.

Досмұхамбетовтің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВ 182 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен 10 қыркүйекте ұсталған. Бірақ, Таубаев бұл айыппен келіспейтінін, өзіне жала жабылғанын айтуда.

Ал, Атырау облысының әкімі егер орынбасарының қылмысы дәлелденсе отставкаға кетуге дайын екенін айтады.

«Заң ғой. Ол бәрімізге ортақ. Егер ондай тергеу жұмыстары, сот шешімі болса, онда заң бойынша мен отставкаға беруге дайынмын», - дейді әкім.

Оқи отырыңыз: Таубаевтың «екпіні» Махамбетті әкімдіктен айыра ма?

Бірақ, Досмұхамбетов отставкаға өтініш бергенмен, кеткісі жоқ сияқты. Өйткені, отставка туралы өтініші қабылданбай қалатын шығар деп үміттенетіндей.

«Ар жағы президент шешімі, қабылдайды, қабылдамайды. Сол кісі біледі», - біледі дейді.

Айта кету керек, Нұрлан Таубаев 2020 жылдың мамыр айында ғана Досмұхамбетовтің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Оқи отырыңыз: Шалабеков жемқорлықпен ұсталды. Әубәкіров қайтпек?

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

05.04.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025
MalimBlocks
Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

Қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты