Атырауда кәмелетке толмаған 2 жасөспірім суицид жасаған

Атырауда кәмелетке толмаған 2 жасөспірімнің суицид жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, өзіне қол жұмсаған жасөспірімнің бірі — 2009, екіншісі 2010 жылы туған.
Екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, кәмелетке толмағандардың араласқан ортасын жан-жақты зерттеу қолға алынды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмысы жалғасады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Кейбір телеграм арналарының мәліметіне қарағанда, суицид жасағандардың бірі - ұл, екіншісі - қыз. Алайда, полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның қай күні, қай елдімекенде болғанын нақтыламады.
Фото: azbyka.ru


Ең көп оқылған
