457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Серверлер өртеніп, e-үкімет істен шықты. Жауапты шенеунік суицид жасады

IMAGE: ©YONHAP


Астана, Malim.kz. Оңтүстік Кореяда сұмдық жағдай орын алды. Тэджондағы Ақпараттық ресурстардың ұлттық қызметінің (NIRS) штаб-пәтері өртеніп, G-Drive бұлттық сервисі жойылып кетті. Бұл туралы Оңтүстік Кореялық бірнеше басылым жазып жатыр.

 

Ал құжаттардың көшірмесі жоқ сыңайлы. Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің мәліметі бойынша, жүйеде шамамен 750 мың мемлекеттік қызметкердің қызметтік файлдары болған.

Өрт орталықтың бесінші қабатындағы сервер бөлімінде шыққан. Қазір, үкіметтің жұмысы үшін өте-мөте маңызды 96 ақпараттық жүйенің бүлінгені анық болды.

G-Drive жүйесі 2018 жылдан бері қолданылып келеді екен. Мемқызметкерлер құжаттарды жеке компьютеріне емес, бұлттық сервисте сақтауға міндетті болған. Әр қолданушыға шамамен 30 Гб орын бар екен. G-Drive-та сақталған мәліметтер тым көп әрі жүйенің өзі баяу болғасын, құжаттардың көшірмесі жасалмапты. Осылайша, үкімет шамамен 858 Тб мәліметтен біржола айырылып отыр.

Ең қатты зардап шеккен Кадрларды басқару министрлігі екен. Олар барлық құжатын тек G-Drive-та сақтап келіпті. Ал ең аз зардап шеккен Мемлекеттік саясатты үлйестіру басқармасы екен.

Мұндай өрт 2022 жылы SK C&C Data Center датацентрінде де болған еді. Ол кезде бір уақытта 32 мың сервер істен шыққан. Өрттің себебі ретінде литий-ионды аккумуляторлар аталаған болатын. Нәтижесінде, “жергілікті уатсап болып кеткен” KakaoTalk мессенджері істен шығып, 90% халық хат-хабар алмаса алмай қалған болатын.

Жаңалық қатталып жатқанда, осы мәселені еңсеруге жіберілген шенеуніктің өзіне қол жұмсап өлгені туралы расталмаған ақпар тарап жатыр. Сонымен бірге, кейбір қызметтердің қалпына келгені туралы хабарлар да бар.