457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мемлекет енді банктерді құтқармайды. Қаржыгерлер солай депті

IMAGE: LS.KZ


Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлапты.

Қазақстанның жүйелік маңызы бар банктерінің шығындары енді инвесторлар мен акционерлердің есебінен өтеледі. Бюджет есебінен қаржы берілмейтін болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде айтыпты.


«Жүйелік маңызы бар банктер TLAC (Total Loss Absorbing Capacity) механизміне – дағдарысты еңсеруге жеткілікті әлеуетті қамту қабілеттіне ие болуы тиіс. Айтарлықтай шығынға ұшырайтын жағдайға - жеткілікті капиталы мен борышкерлік құралдары болуы керек. Қажет жағдайда – мұндай құралдарды түрлендіруге мүмкіндігі болуы шарт. Ендеше, банктің шығындары алдымен акицонерлер мен инвесторлардың есебінен өтеледі. Бюджеттен ақша алмайтын болады», -


деп хабарлапты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бүгін.

Бұл ақпарға сүйенсек, мемлекет банкті құтқаруға тек аса қиын жағдайларда ғана тікелей қатыса алады. Оның өзінде – барлық нарықтық амалдар таусылған кезде ғана.

Соңғы 20 жылда банктерді құтқару үшін 3 трлн теңге жұмсаған. Ол Қазақстан депозиттерге кепілдік қоры арқылы жасалған. Олардың ішінде - «Альянс Банк», «БТА Банк», «Казкоммерцбанк», «Эксимбанк», «Астана банкі» мен Qazaq Banki бар. Бұл банктердің бірсыпырасын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің, олигарх Александр Клебановтың есімдерімен байланыстырып жатады.

 

Авторы: Валентина Владимирская (ҚазТАГ)