457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олигархтың әйелі жаңа Қаңтардан қорқады. Халық салық төлеп үйренуі тиіс деп есептейді.

IMAGE: kaztag.kz

Бұл туралы ҚазТАГ басылымы BES.media басылымына сілтеме жасап жазыпты.

Олигарх Сергей Канның жұбайы, өзі де кәсіпкер Жанна Кан халықтың салық төлеп үйрену керегін, әйтпесе Қаңтар оқиғасының қайталануынан қорқатынын жазыпты.


"Түсінесіздер ме, біз төлемей үйренгенбіз, ал мемлекет біз үшін - бөтен бірдеңе ғана: ақшамыздың қайда кетіп жатқанын білмейміз деп жатамыз. Бірақ, әлемде алмақтың салмағы бар: түк бермесең - түк алмайсың. Бұл - экономикадан айқын көрінеді, оның дамуынан да көрініп отыр. (..) Швейцарияға қарайықшы, Американы, Францияны алайық. Оларда ақшаның жартысынан көбі салыққа кетеді. Бірақ адамдар бұған үйренеді, себебі төлеген салықтары кейін өздеріне қайтады. (..) Бірақ, сіздер, тұрақсыз елде тұрғаннан салық төлеген дұрыс екенін жақсы білесіздер. Ондай елде кез келген мезетте Қаңтар қайталануы мүмкін, немесе, бизнесіңді тартып алуы мүмкін. Ертең тұрақсыздық басталуы мүмкін, себебі, соғыс басталуы мүмкін" -


депті олигархтың әйелі.

Айта кетейік, Жаннаның жұбайы Сергей Кан тағы да бір олигарх Александар Клебановпен сыбайлас екені белгілі. Олардың бизнесі энергетикалық нысандардың проблемасын, оның ішінде Екібастұз жылу қазандығының мәселесін шешу кезінде күңгірт амалдармен жасалғаны сынға ұшыраған.

Жанна Канның өзі де бұрын сынға қалған. Бірде ол:


"Қазақстандықтар лакшери санаттағы тауарларға құмар. Әр қазақстандық өзіне Luis Vuitton-нан бірдеңе алуды парыз санайды", -


деп, қоғамның ызасын тудырған болатын.