freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"84 жасқа келуші еді... Сағындым": Динара Сәтжанның күйеуі марқұм әкесін еске алып, елді елжіретті (ФОТО)

Қоғам
"84 жасқа келуші еді... Сағындым": Динара Сәтжанның күйеуі марқұм әкесін еске алып, елді елжіретті (ФОТО)
Youtube/Нартай Аралбайұлы. Суретте: Жұмабек Жанықұлов

Танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлова желідегі парақшасында марқұм әкесі туралы әсерлі жазба жариялап, көпшілікке ой салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұмабек Жанықұлов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған жазбасында әкесінің сүбелі сөзін келтіріп, оның мәнін ашып берді.

"Әкем марқұмның бір ауыз сөзі өмірімнің темір қағидасына айналды... Кәсіптің алғашқы қадамдары, алмағайып заман… Кеңес Одағы құлап, бәрі өзгеріп жатқан кез. Әкемнің табысы аз, тұрмыс ауыр. Ал мен бір ай ата-анама беріп жүрген көмегімді кешіктіріп алдым... Сол бір айда олардың шығыны көбейіп, бірнеше күн үйде бір үзім нан да болмағанын кейін білдім… Бірақ бұл шағым емес, өкпе емес, үнсіз көтерілген сынақ еді.

Кешкі әңгімеде осыны кездейсоқ естігенде, жүрегім сыздап кетті. Сонда мен әкеме: "Әке, неге айтпадыңыз? Неге хабарласпадыңыз? Мені ренжітпеңізші…"

Әкем сабырмен ғана қарап: "Балам, менің ұлылығым таршылықты көрсетпей, ешкімге мұңымды артпау. Ал сенің ұлылығың көмекті білдіртпей жасау, адамды сұратпай-ақ қолдау" дегені бар еді. Осындай биік мінезді әкенің тәрбиесін көру менің ең үлкен байлығым… Асқар тау Әкем 84 жасқа келуші еді... Сағындым", – деп жазды Жұмабек Жанықұлов.

Айта кетейік, Жұмабек Жанықұлов – танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы. Динара Сәтжан мен Жұмабек Жанықұлов 2025 жылдың сәуір айында шаңырақ көтерген.

Бұған дейін Динара Сәтжан Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқаны туралы әңгімелеп беріп еді. Динара Сәтжанның айтуынша, өмірде болатын ешбір оқиға кездейсоқ емес.

"Әрбір кездесу, көңіл қалу, қателік немесе жетістік – біз бірден түсіне бермейтін үлкен бір жоспардың бөлшегі. Барлығы дәл солай болуы тиіс болғандықтан, солай орын алады", – деп жазды ол.

Болашақ жарымен танысқанға дейін Динара белсенді әрі мазмұнды өмір сүрген. Ол өз бизнесін дамытып, журналистикамен айналысып, балаларымен бірге саяхаттап, әр күннің қадірін біліп жүргенін айтады.

"Өмір ағысына сену керек. Жұмабек менің өміріме келгенге дейін де мен позитивті өмір сүрдім… Бәлкім, дәл сол сәтте, менің жан дүнием толық тыныштық тауып, ішкі үйлесім орнағанда, менің өміріме Ол келді", – дейді Динара Сәтжан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу