Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елордадағы пәтер өртінен кейін құтқарушылардың өкілеттігін кеңейту ұсынысына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
- Төтенше жағдайларда тиісті қызметтердің өз міндеттерін кедергісіз атқаруын қамтамасыз ететін тетіктер қажет. Әлбетте, бұл тұрғыда белгілі бір ерекше жағдайлар, бөтеннің мүлкіне қатысты мәселе бар. Бірақ адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты болса, олардың функцияларын кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін тетіктер болуы керек, - деді М. Әшімбаев.
Бұл тұрғыда Сенат төрағасы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді қарастыратын нормаларды тыңғылықты пысықтау қажет екенін айтты.