freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Аурудан айықсаң, тұрмысқа шығамын": Қатерлі ісікті жеңіп шыққан махаббат хикаясы

Қоғам
"Аурудан айықсаң, тұрмысқа шығамын": Қатерлі ісікті жеңіп шыққан махаббат хикаясы
Malim.kz коллажы

Атыраулық Райымбек Дауылбаев онкологиялық дертке студент кезінде шалдыққан. Алайда дәл осы ауыр кезең оның тағдырын өзгертіп, өмірлік серігін кездестіруіне себеп болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгінде жас жігіт толықтай сауығып шыққан. Жұбайының айтуынша, олар бір-біріне уәде берген: егер Райымбек ауруды жеңсе, екеуі отбасын құрады.

"Біз болашақ күйеуім қатерлі ісікпен ауырып жүрген кезде таныстық. Ол Сеулде ем қабылдап жатқанын, өзін жалғыз сезінетінін айтты. Сол сәтте мен оған барамын деп шештім. Бардым. Солай бір-бірімізге ғашық болдық. Кейін оны жігерлендіру үшін: "Егер сен сауығып шығуға уәде берсең, мен саған тұрмысқа шығуға уәде беремін", – дедім. Екеуіміз де сөзімізде тұрдық. Құдайға шүкір", – деп жазды оның жұбайы.

Бұл оқиға "Ғашықпын саған" фильміне ұқсас шабытты сәттен басталған. Райымбектің Сеулде ем қабылдап жүргенін және өзін жалғыз сезінетінін естіген болашақ жары бірден оған баруға шешім қабылдаған.

Райымбектің айтуынша, дерт студенттік шақта, музыкалық байқауға дайындалып жүрген кезде басталған. Алайда күйзеліс пен уайым оның денсаулығына кері әсер етіп, дәрігерлер ауыр диагноз қойған.

Ауру уақыт өте келе асқынып, шап тұсынан кеуде бөлігіне дейін таралған. Кейін ол Оңтүстік Кореяда дәрігерлердің бақылауында ем қабылдаған.

Бұл оқиғаны оның жұбайы Threads платформасында бөлісіп, көптеген желі қолданушыларының жүрегін тебірентті.

Қиын кезеңде бір-біріне тірек болған қос ғашық осы қыста шаңырақ көтерді. Махаббат пен болашаққа деген сенім олардың ауруды жеңуіне көмектесіп, бақытты отбасының негізіне айналды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу