freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Спорт
Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
ҰОК

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында басталған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының екі балуаны жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

60 келіде татамиге шыққан Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан жартылай финалға жолдама алды.

Давлатов Макао және Өзбекстан балуандарынан басым түссе, Бақытжан Сирия және Тәжікстан спортшыларын жеңді. Енді Шерзод Давлатов финалға шығу үшін Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юн Вэймен шеберлік байқасады. Ал Аман Бақытжан Бахрейн балуаны Руслан Полторатскиймен сынға түседі.

Сондай-ақ 66 келіде Нұрқанат Серікбаев ширек финалға дейін жетті. Алайда жартылай финалға шығу жолында оңтүстіккореялық Ким Чаннёнге есе жіберді. Тараздық балуан жұбаныш белдесуінде Моңғолия құрамасы сапында өнер көрсететін этникалық қазақ Иолк Кәдірбекті жеңіп, Сюэ Цзыянмен қола жүлде үшін күреседі.

Ал әйелдер арасында 48 келіде Диана Буркеева алғашқы айналымда жеңіліп, турнир жүлдесінен тыс қалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу