freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысында 31 млн теңге пара алған адвокат сотталды

Құқық
Ұлытау облысында 31 млн теңге пара алған адвокат сотталды
Gov.kz

Ұлытау облысында адвокат лауазымды қызметкерлерге пара беремін деп клиентінен 31 млн теңге алғаны анықталды.

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады.

«Тергеу барысында оның алдау жолымен сенім білдірушіні жаңылыстырып, ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешу үшін лауазымды тұлғаларға берілетінін айтып, ақшалай сыйақы беруге көндіргені анықталды. Нәтижесінде адвокат алаяқтық жолмен сенім білдірушіден 31 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Жезқазған қалалық сотының үкімімен адвокат 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен және заң консультанты қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу