freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран АҚШ пен Израиль шабуылдарынан келген шығынды $270 млрд деп бағалады

Әлем
Иран АҚШ пен Израиль шабуылдарынан келген шығынды $270 млрд деп бағалады
Anadolu Ajansı

Иран билігі АҚШ пен Израильдің шабуылдарынан келген шығын көлемін алдын ала 270 млрд доллар деп бағалап, толық өтемақы талап ету ниетін мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu Ajansı.

Иран үкіметінің ресми өкілі Фатеме Мохаджеранидің айтуынша, бұл әзірге алдын ала есеп. Нақты сома бірнеше кезеңнен тұратын арнайы бағалау рәсімінен кейін жарияланады. Оның сөзінше, әскери репарациялар мәселесі Иран делегациясы тарапынан бірнеше келіссөзде, соның ішінде Исламабадтағы кездесулерде көтерілген.

Сондай-ақ Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани АҚШ пен Израиль операцияларына өз аумағын пайдалануға мүмкіндік берді деп есептелетін бірқатар өңір елдерінен де өтемақы талап етілетінін мәлімдеді. Әңгіме Бахрейн, Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері және Иордания туралы болып отыр.

Тегеранның мәлімдеуінше, шабуылдар салдарынан өнеркәсіп нысандары, инфрақұрылым және энергетика секторына елеулі залал келген. Қазір бүлінген нысандарды түгендеу және бюджет кірісіндегі шығындарды есептеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу