freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында басқарма басшысы жұмыс орнында ұсталды

Құқық
Жамбыл облысында басқарма басшысы жұмыс орнында ұсталды
Gov.kz

Жамбыл облысында күштік құрылым қызметкерлері облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркен Келесовті жұмыс орнында ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шенеунік өзінің қызметтік кабинетінде қолға түскен. Қазіргі уақытта оның кабинеті жабық, ал өзі байланысқа шықпай отыр.

Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, операцияға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен өзге де құқық қорғау органдары қатысқан. Оқиғадан кейін басқарма басшысының кабинеті мөрленіп, ішке кіруге уақытша шектеу қойылған.

Әзірге бұл жағдайға қатысты құқық қорғау органдары мен облыс әкімдігі ресми түсініктеме берген жоқ. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Еркен Келесов Тараз қаласының тумасы. Білімі бойынша бухгалтер. Шымкенттегі кәсіптік училищені және Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын салық саласында бастап, аға инспектор қызметін атқарған. Әр жылдары өңірдегі салық органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеп, Тараз қаласы мен Байзақ ауданында басқармаларға жетекшілік еткен.

2016-2022 жылдары Жамбыл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарды. 2022 жылы облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2023 жылы қысқа уақыт мемлекеттік сатып алу басқармасында қызмет атқарып, сол жылдың желтоқсанынан бастап қайтадан жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне кіріскен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу