freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шілде айынан бастап барлық банк бірыңғай QR жүйесіне қосылады

Экономика
Шілде айынан бастап барлық банк бірыңғай QR жүйесіне қосылады
Фото: pixabay.com

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер төлемдерді бір QR-код арқылы қабылдауға техникалық мүмкіндік ұсынуға міндетті болады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістегі брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, бірыңғай төлем жүйесін құру және енгізу мәселесі толықтай Ұлттық банктің құзыретіне кіреді. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлық банктердің жаңа жүйеге қосылуын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Заңнама деңгейінде барлық банктер үшін бірыңғай төлем жүйесіне міндетті түрде қосылу талабы енгізілді. Бұл норма биылғы шілде айында күшіне енеді», – деді агенттік басшысы.

Сонымен қатар, соңғы уақытта төлем жүйелеріне, оның ішінде Face Pay сияқты жаңа технологияларды енгізуге байланысты азаматтардың жеке деректерінің қорғалуы мәселесі жиі көтерілген. Осыған байланысты жүргізілген тексерулер нәтижесінде барлық техникалық деректер жан-жақты талданып, қорытындылары ресми сайтта жарияланған.

Әбілқасымованың айтуынша, бұл салада ең басты назар ақпараттық қауіпсіздік пен қаржы қызметтерін тұтынушылардың дербес деректерін қорғауға аударылып отыр.

Айта кетейік, аталған талаптар «Төлем және төлем жүйелері туралы» заңға енгізілген түзетулер арқылы бекітілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу