freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті

Оқиға
Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті
Фото: pixabay.com

2026 жылғы 15 сәуірде Шымкент қаласының әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағы итпен соқтығысты. Оқиға Алматы – Шымкент бағыты бойынша ұшқан FS7105 рейсі қонғаннан кейін болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуе кемесі ұшу-қону жолағында келе жатқан кезде жануармен соқтығысқан.

Авиакомпанияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты былай деп мәлімдеді:

"2026 жылғы 15 сәуірде Алматы – Шымкент бағыты бойынша ұшқан FS7105 рейсі қонғаннан кейін, Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемесі жануармен (итпен) соқтығысты."

Компания мәліметінше, соқтығыс салдарынан ұшақтың кейбір бөлшектері зақымданған. Қажетті қосалқы бөлшектер Алматыдан жеткізілмек.

Қазіргі уақытта нақты қандай бөліктер бүлінгені нақтыланбаған. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұл жағдай көліктегі полиция департаментінде тіркелген. Мамандар барлық мән-жайды анықтауда. Ал жануардың ұшу-қону жолағына қалай шыққаны әзірге белгісіз.

Жануардың жағдайы туралы да ресми ақпарат берілген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу