freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда вице-президент кандидатурасы қашан белгілі болады – Әшімбаев жауап берді

Саясат
Қазақстанда вице-президент кандидатурасы қашан белгілі болады – Әшімбаев жауап берді
Фото: t.me/senate_kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда вице-президент қызметіне кім тағайындалатыны әзірге белгісіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, бұл мәселе толығымен мемлекет басшысының құзыретіне жатады. Вице-президент кандидатурасы жаңа Құрылтай жасақталғаннан кейін ғана айқындалады.

«Бұл мәселелердің барлығы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституциямен реттеледі. Қандай шешім қабылданатынын мемлекет басшысының өзі анықтайды. Құрылтайдың құрамы жасақталған соң президент тиісті шешім қабылдайды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат спикері сондай-ақ бұл механизмдердің барлығы Конституцияда нақты жазылғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы биылғы тамыз айында өтетінін хабарлаған болатын.

Еске салсақ, 15 наурызда Қазақстанда өткен референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданып, онда вице-президент лауазымы енгізілген.

Әшімбаевтың сөзінше, вице-президентке кандидат ұсыну – президенттің айрықша құқығы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу