457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Казак ауылдарының атауларынан дау шықты. Қадыров пен генерал шарт та шұрт кетісті

IMAGE: ©Wikimedia Foundation (Creative Commons)

Чешенстанның басшысы Рамзан Қадыров, РФ мемлекеттік думасының депутаты, чешен соғыстарында әйгілі болған генерал-полковник Владимир Шамановты трибуналға беріп, соғысқа жіберу керек деді.

Бұл туралы novayagazeta.ru баслымы хабарлапты.

 

Даудың басы

Жақында Чешенстан басшылығы байырғы чешен жерлерінің атауын өзгертуді бастаған болатын. Шелковск қаласын — Терек, Наурскаяны— Нерве, Серноводскоены — Серноводск деп атамақ еді. Бұл бастама РФ мемлекеттік думасының депутаты Владимир Шамановтың шамына тиді.

 

Қақтығыс

IMAGE: ©Wikimedia Foundation (Creative Commons)

Владимир Шаманов думаның 25 қыркүйектегі отырысы кезінде:


Чешен Республикасында тарихи атауы бар казак станицаларының атауын өзгертейін деп жатыр. Жергілікті орыстарды қуып шыққаны аздай, енді атауларды да өшіріп жатыр. Бұл - біздің мемлекетіміздің тарихы ғой. Не қылып жатырсыңдар деп сұрап тұрмын мен! -


депті ол.

Бұған Рамзан Қадыровтың жауабы тез болды.


"Чешенстан күн сайын өзгеріп жатыр. Бұл өзгеріс ұнамайтын адамдар бар, оның ішінде - орталықта да сондай адамдар бар. Шелковск пен Наурскаяның атауын өзгертетін сәтте, Шаманов деген оңбаған бас көтеріп отыр. Оны баяғы қылмыстары үшін трибуналға берсе болар еді. Ол соғыс кезінде чешен халқына зорлық көрсеткен ең қатал генерал болды", -


депті Рамзан Қадыров.

Қадыровтың айтуынша, одан тіпті Чешенстан астанасы Грозныйдың да атауын өзгертуді сұраушлыар көп болған. Ол бас тартқан екен.