457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбектерді той шығыны мазалайды

Өзбекстанның «Юксалиш» қозғалысы сауалнама жүргізіпті. Нәтижесінде, суаланамаға қатысқандардың 14% ғана үйлену тойын шамасына қарап жасап жүргенін айтқан. Бұл туралы malim.kz тілшісі Kun.uz ресурсына сілтеп хабарлайды.

Респонденттердің 41% той шығыны 70 миллион сумнан (шамамен 2 млн 872 мың теңге) асатынын айтқан. Ал сауалнамаға қатысқандардың 45% - шығындалғаны үшін өкінішін білдірген. 7% - тойды дүркіретіп жасау керек деп есептейді.

Бұған қоса, сауалнамада "Шығын болуға итермелейтін не?" деген сұрақ болған.

Оған жауаптар мына түрде болыпты:

  • Қоғамның мәжбүрлеуі/тойға бәрін шақыру міндеті - 46.11%
  • Жастардың өздерінің ықыласы - 31.36%
  • Ата-анамыздың қалауы - 29.03%
  • Күйеу/қыз жақтың талабы - 16.6%.

Қорытындылай келе, қозғалыс мамандары "үйлену - шоу емес, отбасылық өмірдің басы" деген идеяны насихаттауды ұсынады.