freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтар шетелдік онлайн саудаға 2,1 трлн теңге жұмсаған

Аналитика
Қазақстандықтар шетелдік онлайн саудаға 2,1 трлн теңге жұмсаған
https://neg.by

2026 жылдың алғашқы бес айында қазақстандықтардың шетелдік интернет-дүкендер мен цифрлық сервистерге жұмсаған шығыны айтарлықтай өскен. Қаңтар-мамыр аралығында шетелде жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемі - 2,1 трлн теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға көп, деп хабарлайды Malim.kz.


Finprom.kz сарапшыларының мәлімдеуінше, өсімнің негізгі себебі - шетелдік маркетплейстерден тауар сатып алу көлемінің артуы. Сонымен қатар түрлі цифрлық сервистерге төлемдер көбейген көрінеді. Интернет пен мобильді қосымшалар арқылы жүргізілген операциялардың көлемі 1,3 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде 31,8%-ға ұлғайған.


Аталған төлемдердің басым бөлігі қазақстандықтардың шетелге сапарлары кезінде емес, ел ішінде отырып халықаралық онлайн платформалар арқылы жасаған сатып алуларына тиесілі. Яғни, тұрғындар киім-кешек, тұрмыстық техника, электроника және басқа да тауарларды шетелдік маркетплейстерден жиі сатып алып, сондай-ақ шетелдік цифрлық қызметтердің ақысын белсенді төлеп келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу