457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қылмыстық іс қозғалды": Жамбыл облысында сарбаз көз жұмды

Қазақстанда мерзімді әскери қызметшінің қазасы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Гвардей гарнизонының бір әскери бөлімінде орын алған мерзімді әскери қызметшінің қазасына байланысты ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің Оңтүстік өңірлік басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеудің барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында," – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі 17 қыркүйекте Гвардей гарнизонында мерзімді қызметтегі сарбаздың мәйіті табылғанын хабарлаған. Ведомствоның алдын ала мәліметінше, ол суицид жасаған болуы мүмкін.

Фото: gov.kz