457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ерекше рейд: Полиция трассадағы жүргізушілерді ұйықтауға мәжбүрлеген

Қарағанды облысы ПД қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда көлік жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шара барысында жолда ұзақ уақыт жүрген, шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілерге ерекше назар аударылды. Мұндай жағдайларда олардың әрі қарай жүруіне жол берілмей, демалып алу үшін мәжбүрлі түрде тоқтатылды. 

Патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұхановтың айтуынша, бұл – жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері облыс аумағында 482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 96 адам көз жұмған. Оның ішінде 50-ден астам оқиға жүргізушілердің ұйықтап кетуінен болған.

– Сондықтан да шаршаған, ұйқылы жүргізушілерді уақытылы тоқтату – адам өмірін сақтап қалуға ықпал ететін басты шаралардың бірі, – деді Медет Нұрмұханов.

Рейд барысында Қарағанды — Балқаш бағытында 15 көлік тоқтатылып, жүргізушілердің әрі қарай жолға шығуына уақытша шектеу қойылды.

— Қазақстанда бізді полиция қызметкерлері тоқтатып, шаршасақ демалуымызды өтінді. Бұл өте дұрыс. Өйткені көптеген жол-көлік оқиғасын көріп жүрміз. Полиция түн ішінде біздің қауіпсіздігімізді ойлап, жолға шықпауды сұрап жатыр. Полицияның барына рақмет, — деді Өзбекстан азаматы Ахрорбек Камбаров.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, бұл бастама жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. 

– Жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз облыс прокуратурасымен бірлесіп, жаңа жүйені енгізбекпіз. Яғни 8 сағаттан артық жол жүрген жүргізушілер туралы ақпарат автоматты түрде полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі. Уақытынан артық жүрген жағдайда, біз оларды тоқтатып, әрі қарай демалғанға дейін жолға шығармаймыз. Қарағанды тоғыз жолдың торабы болғандықтан, көліктер көбіне түн ортасы немесе таңғы уақытта келеді. Дәл осы мезгілде ұйықтап кету қаупі жоғары болады. Егер жүйе толық іске қосылса, жол-көлік оқиғаларының едәуір азаятынына сенеміз, – деді Жасқайрат Қайыров.

Полиция жүргізушілерді ұзақ жолда міндетті түрде демалуға, жол ережелерін қатаң сақтауға және өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. 

Фото: ІІМ

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған