457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты: Әр отбасыға 1 млн теңге беріледі

Қазіргі уақытта екі жүргізушінің әрекеті тергелуде

Қазіргі уақытта екі жүргізушінің әрекеті тергелуде. 23 қазанда жантүршігерлік жол апатын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтіні белгілі болып, артынша арнайы Тергеу жөнінде үкіметтік комиссия да құрылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кейін тіл тартпай кеткен 2 жүргізушінің әрекетіне қатысты тергеу басталған.

Қайғылы оқиға «Самара – Шымкент» автожолында, Ақтөбе облысындағы Белқопа ауылының маңында тіркелді. Онда DAF жүк көлігі мен жолаушы тасымалдайтын «Газель» көлігі бір-біріне соғылып, 12 адамның өмірін жалмаған болатын. 

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына (арасында бір үйдің адамдары бар) 1 миллион теңгеден материалдық көмек беретінін мәлім етті. 

Қазіргі уақытта екі жүргізушінің әрекеті тергелуде. 23 қазанда жантүршігерлік жол апатын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтіні белгілі болып, артынша арнайы Тергеу жөнінде үкіметтік комиссия да құрылды. 

Фото: видеодан кадр